Көкжөтелден сақтаныңыз

Ауру асқынған сайын мидың тыныс орталығына ықпал етіп, нәтижесінде күлу, ауырсыну, сөйлесу кезінде жөтел ұлғая түседі.

Көкжетел - азапты  жөтелдің туындауымен және  жоғарғы тыныс жолдарының шырышты  қабаттарының зақымдануымен сипатталатын өткір жұқпалы ауру. Көкжөтелдің бактериясы Bordetella pertussis ағзаға ауа тамшысы арқылы еніп, кеңірдек пен бронхтар аймағында көбейеді. Патогендік микроорганизмдермен  бөлінетін токсин, ағзада  ұстамалы булықпа  жөтел мен қабыну реакциясын тудырады. Ауру  ілгерілеген сайын  мидың  тыныс орталығына ықпал етіп,  нәтижесінде  күлу, ауырсыну, сөйлесу кезінде  жөтел ұлғая түседі.

Көкжөтел  мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі тіркеледі,  алайда   ересек  пациенттер арасында да  жұқтыру аурулары туындауы мүмкін. Науқас  патологияның  алғашқы симптомдары пайда  болғаннан бастап,  25-30 күн ішінде  басқаларды  да жұқтырып жүре береді.  Екпеден соң  жұқтырылған  Bordetella pertussis  науқастарда  өткір ауру белгілері  байқалмайды.

Көкжөтелдің белгілері:  Жұқпаның инкубациялық кезеңі  бірнеше күннен  екі аптаға дейін  созылуы мүмкін.  Аурудың  бірінші кезеңі   құрғақ  жөтелмен, мұрынның қабынуымен және  дене  температурасының аздап көтерілуімен сипатталады.  Бірнеше күннен соң пациентте  ұстамалы азапты  жөтел пайда болып, толық айықпайынша жүре береді. 

Басқа  да  симптомдары мен белгілері:
- Тыныс алу кезінде  ысқырықты дыбыстың шығуы
- Кеудедегі жағымсыз сезім
- Тамақтың тітіркенуі
- Жөтел кезінде ауа  жетіспеушілік сезімі
- Түн мезгіліне қарай  жөтелдің ұлғаюы
- Әлсіздік пен шаршау
- Мазасыздық
- Тәбеттің төмендеуі
-    Қысқа уақытқа демінің ұсталынып тұруы  (кішкентай балаларда)

Ауруды емдеумен  инфекционист  дәрігерлері мен пульманологтар айналысады. Көкжөтел  жалпы қалпына келтіру және  дәрілік терапия қолдану арқылы  емделеді. Егу маңызды,  егуді  ұлттық егу күнтізбегіне сай қайталап алу керек.

1 пікір

  • Chad Pedrad
    Chad Pedrad

    Cryptocurrency Scam Recovery Experts Lost Recovery Masters My name is Chad Pedrad. I lost $233,000 in cryptocurrencies after being misled by an Indian USDT investing firm. I became so depressed that I was unable to pay my payments and ended up on the streets. I attempted everything I could to restore it, but it was futile. However, just as I was about to give up, a light of hope appeared, and I decided to attempt the Lost Recovery Masters. To God be the glory, Lost Recovery Masters successfully retrieved my stolen cryptocurrency; it was astonishing. Lost Recovery Masters are amazing, and I am convinced they can recover yours as well. Contact them if you need help on crypto recovery. Learn more: Lostrecoverymasters.com Mail: Support@lostrecoverymasters.com Call or Whatsapp +44(7-5-3-7-1-0-5-9-2-1)

Пікір қалдырыңыз