Жылыту маусымына дайындық басталды
Түркістан облысында кезекті жылыту маусымына дайындық басталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы мәселеге жауапты басшыларды жинап, тиісті тапсырмалар берді. Мәжілісте өңірге көмір жеткізу бағытындағы жұмыстар туралы есеп беріліп, жоспарлар түзілді.
– Алдағы қыста өңірде көмірден ешқандай проблема болмауы тиіс. Мектептер, ауруханалар және өзге де бюджеттік мекемелердің көмірмен қамтылуы қадағалансын. 1 қыркүйекке дейін білім ұялары көмірмен толық қамтылып болуы керек. Аудандар мен қалалардың әкімдері жылыту маусымына дайындықты қатаң қадағалап, тиісті жұмыстарды уақтылы атқарсын, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбековтің айтуынша, қазір 2024-2025 жылдарға арналған көмірмен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Өңірдің жалпы қажеттілігі – 778 мың тонна. Атап айтқанда, бюджеттік мекемелерге қажеттілік – 104,5 мың тонна болса, жылу беретін кәсіпорындарға – 4,8 мың тонна, жеке тұрғындарға – 386,1 мың тонна, жылыжайларға 282,9 мың тонна көмір қажет. Мамыр мен шілде аралығында облысқа 88,2 мың тонна көмір жеткізілген.
Облыста елді мекендерді газбен қамту, бюджеттік мекемелерді, білім ұяларының қазандықтарын газ жүйесіне ауыстыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның нәтижесінде биыл тұрғындардың көмір тұтыну көлемі 82 мың тоннаға, бюджеттік мекемелердің көмір тұтыну көлемі 36 мың тоннаға төмендеген.
Бүгінде әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау, қажетті көмірді тасымалдау жұмыстары атқарылуда.