Мемлекет басшысы Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

KAZINFORM. «ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын» деп жазылған Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта.
Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР-нің Батуми қаласында туған) – кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор.
Қазақ КСР-нің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.