Бұл бір өте жемісті сапар болды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапарын Ухань қаласында жалғастырды. Хубэй өлкесіне қарайтын бұл аймақ елдің ең ірі экономикалық орталықтарының бірі және орталық Қытайдың ең ірі ауыл шаруашылығы провинциясы. 60 миллионнан астам халқы бар Хубэй мақта шаруашылығы саласында көш бастап тұр.
Сапар аясында облыс әкімі Хубэй провинциясының губернаторы Ван Чжэнпумен кездесіп, бауырластық меморандумына қол қойды. Құжат қос өңір арасындағы өзара түсіністік пен бауырластықты нығайту, сондай- ақ, өзара тиімді ынтымақтастықты қамтиды.
Облыс әкімі бастаған делегация Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының атқарушы төрағасы және бас хатшысы Хуан Лисямен кездесті. Онда Хубэй халықаралық кәсіпорын қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында екі елдің аймақтары арасындағы байланыс тұлғалары тағайындалды. Қазақстан–Хубэй байланыс орталығын құрғаны үшін Түркістан облысының әкімі төраға Хуан Чжоуженге куәлік тапсырды. Сонымен бірге Қадылбек Жалын мен Хуан Лисяға қазақстандық байланыс тұлғасының куәлігі берілді.
Сонымен қатар облыс әкімі Хубэй провинциясының іскер топтарының өкілдерімен кездесулер өткізді. Мақта өңдеу зауытын салу, Түркістан облысына тікелей рейстер ашу, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, туризм, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, өңір басшысы инвесторлармен кездесіп, бірлескен жобаларды талқылады.
Облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегациясы Суйчжоу қаласының мэрі Ке Кемен кездесті. Сондай-ақ, облыс делегациясы Суйчжоу қаласы мен Түркістан облысының достық қарым-қатынас және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференциясына қатысты. Бизнес-форумда екі елдің кәсіпкерлері арасында B2B форматында кездесулер өтті. Сапар нәтижесінде Түркістан облысы мен Қытай тауар өндірушілері екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөліседі. Басқосуда жаңа жобалар таныстырылып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Суйчжоу қаласының басшысы жаңа бастамалардың сәтті боларына сенім білдіріп, екі жаққа да тиімді бірлескен жобалардың көбеюіне күш салатынын жеткізді.
Хубэй провинциясының солтүстік қақпасы саналатын Суйчжоудың табиғи қазба байлығымен даңқы шыққан. Қаланың жоғары технологиялық индустриалды паркінде алуан түрлі өндіріс орындары орналасқан. Өндіріс аймағында 500-ден астам шағын және орта бизнес нысандары шоғырланған.
Модификацияланған материалдар мен пестицидтік өнімдер өндіру, зерттеу, әзірлеу және сату, жеңіл автомобильдерге арналған алюминий дискілерін шығару, медициналық материалдар, қуатты өнеркәсіптік лазерлер өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдері (Қытайдағы 500 үздік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тізімінде), арнайы мақсаттағы көлік құралдары – қаланың экономикалық саласының негізі. Қытай машина жасау өнеркәсібі федерациясы және Хубэй провинциясының халық үкіметі Суйчжоу қаласына «Қытайдың арнайы мақсаттағы көліктерінің астанасы» деген атақ берген.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегация өкілдері индустриалды паркті аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Тазалық жұмыстарына арналған электр машиналарын, сондай-ақ, арнайы техника жасайтын, тері өңдеу, тоқыма өгеркәсібіне негізделген, шатыр шығаратын бірқатар өндіріс орындарын аралады.
Қазіргі уақытта Түркістан облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары жалпы аумағы 540 гектарлық 10 индустриалды аймақ, сондай-ақ, мұнда жалпы аумағы 4000 гектар алаңды құрайтын «Turan» арнайы экономикалық аймағы бар. Онда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері және дайын өндіріс алаңдары ұсынылады. Арнайы экономикалық аймақ өз қатысушыларына салықтардан, кедендік баждардан жеңілдіктер ұсынады. Сонымен қатар жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «шағын өнеркәсіптік парктер» салынуда. Аталған өндірістік ғимараттар бизнес субъектілеріне жеңілдетілген шарттармен жалдау және сатып алу құқығымен беріледі.