Ауыл ахуалымен танысты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Төлеби ауданындағы елді мекендерді аралап, ел жағдайымен танысты, көпті толғандырып жүрген мәселелерді тыңдады.
Аудан әкімі Төлеген Телғараев аймақтағы инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Мәжілісмен Тасарық елді мекеніндегі жүзім бағының жұмысымен танысып, кәсіпкер Сабыржан Танабаевтың өтінішіне құлақ түрді.
Жеке кәсіпкер «Танабаев» 20 гектар аумаққа жүзімнің ризамат, кишмиш, шайхана, жеңіс сұрыптарын еккен. Мұнда ауылдық округтің 10 адамы тұрақты жұмыспен, 70 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.
Мәжіліс депутатымен кездесуге келген округ тұрғындары Қаратөбе ауылдық округінен бастау алатын топтастырылған ауыз су мәселесін қозғады. Көктем, күз айларында ауа райының жауынды-шашынды болуына орай Балдыберек өзенінің суы лайланып кететіндігін, мұның өзі су сапасына әсер ететіндігін айтып, проблеманы шешуге көмек сұрады. Сондай-ақ, Ханарық елді мекеніндегі көпірді жөндеу жұмыстарын аяқтауға ықпал етуді өтінді.
Ұласбек Сәдібекұлы ауыз су мәселесіне қатысты Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәселе көтеріп, ол мәселелер министрліктерге ұсынылғанын айтса, Ханарық елді мекеніндегі көпірдің құрылысына қажетті құжаттар басқармаға қаржыландыру үшін ұсынылғанын аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы түсіндірді.
Бұдан соң Мәжіліс депутаты бастаған топ Қасқасу елді мекеніндегі «Көктөбе» балалар лагеріне ат басын бұрып, жазғы демалыс уақытын лагерьде өткізіп жүрген балалардың жай-күйімен танысты.
Мәжіліс депутаты сондай-ақ, Көк-сәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстарына назар аударды. Киелітас елді мекенінің ақсақалдарымен кездесіп, оларды толғандырған мәселелерді тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ардагерлер Мәдениет үйінің құрылысына қаралған қаржы кестеге сай бөлініп, мекеме ғимараты көрсетілген мерзімде пайдалануға берілсе деген ұсыныстарын жеткізді.