Нидерланд — Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттемен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында екі мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын кеңейту перспективалары талқыланды.
– Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор. Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд премьер-министрінің елімізге сапары Астана мен Амстердам арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.
Өз кезегінде Марк Рютте екіжақты серіктестік деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Нидерландтың ықпалдастығын одан әрі жандандыру қажет екенін айтты.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ көлік, инновация, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, климат, су ресурстарын басқару салаларындағы байланыстарды нығайту жолдары егжей-тегжейлі талқыланды.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, Еуропа Одағымен ықпалдастық аясындағы диалогты жалғастыру маңызды екеніне назар аударылды.

1 пікір

  • Marwan Atsma
    Marwan Atsma

    BEST WAY TO RECOVER FUNDS FROM CRYPTOCURRENCY SCAM CONTACT LOST RECOVERY MASTERS The Lost Recovery Masters is a team of experienced Crypto Experts currently collecting funds back to all scam victims. Anyone that has fallen prey to these fake online imposters and bogus investments Schemes contact Lost Recovery Masters and explain your situation; They will assist you in all crypto scam retrieval funds, bitcoin wallets reclaiming, investment scam, mobile mass surveillance, and cyber – attacks. Contact them Via Whatsapp +44(7-5-3-7)-1-0-5-9-2-1 Email Support@lostrecoverymasters.com Learn More https://lostrecoverymasters.wixsite.com/recoverbitcoin2024

Пікір қалдырыңыз