ЖАҢА ФУНКЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Енді өтініштерді уәкілетті органға жолдап, оның жауабын 15-20 күн күтудің қажеті жоқ.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне қарасты qamqor.gov.kz ақпараттық порталында әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларға қатысты тексеру функционалы іске қосылды. Бұл азаматтарға ыңғайлы әрі уақытты үнемдеу үшін жасалып отыр. Енді өтініштерді уәкілетті органға жолдап, оның жауабын 15-20 күн күтудің қажеті жоқ.

Сервис интернет-ресурстарды пайдаланушыларға үйден шықпай-ақ сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалар туралы мәліметтердің арнайы есепте болуы немесе болмауы туралы ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты алу үшін qamqor.gov.kz порталына өту керек, одан әрі сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалардың тізілімі бөлімінде ЖСН мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін енгізу қажет. Одан кейін жүйеде анықтама пайда болады, оны талап еткен мекемеге ұсыну үшін қағаз түрінде басып шығаруға болады. Аталған анықтама электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және ресми құжат болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті.

Пікір қалдырыңыз