Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті
«Ақорда» резиденциясында Премьер-министр Ануар Ибрагим бастаған Малайзия үкіметінің делегациясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады.
– Қазақстан мен Малайзияны ұзақ жылғы достық пен өзара ынтымақтастық арқауы байланыстырады. Бізде бұл бағытта жақсы дәстүр қалыптасқан. Сондықтан Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Біз көптеген маңызды салаларда өзара ықпалдастығымыз бен ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін қосымша күш жұмсауға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, дипломатиялық қатынастар орнаған отыз жыл ішінде екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасты. Қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты мемлекеттердің қарым-қатынасын одан әрі нығайтудың маңызы арта түсті.
Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, бұл сапарға зор мән беріп отырғанын атап өтті. Астанаға өзімен бірге үлкен құрамда келген Малайзия делегациясы соның айқын дәлелі болады.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту жолдарын қарастырды. Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Бұдан кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасты.
Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев меймандарға ілтипат білдіре отырып, Премьер-министр Ануар Ибрагимнің ресми сапарының шын мәнінде тарихи мәні бар екенін, өйткені бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
– Өз тарапымыздан Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінде аса маңызды рөл атқаратын Малайзиямен анағұрлым тығыз әрі нәтижелі ықпалдастық жасауға дайын екенімізді жеткізгім келеді. Жаңа ғана біз көптеген мәселе бойынша ашық әрі достық рәуіште пікір алмастық. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор екеніне сенімдімін. Сіздің бизнес-форумға қатысу ниетіңізді құптаймын. Іскерлік топтар арасындағы байланыстар – өзара қарым-қатынасты дамытудың маңызды факторы. Біз малайзиялық компаниялардың қатысы бар жаңа табысты жобалардың жүзеге асырылуын қолдаймыз. Бұл ретте Қазақстан Үкіметі қажетті көмек көрсетуге дайын, – деді Президент.
Өз кезегінде Ануар Ибрагим Малайзияның Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін айтты.
Кездесу барысында көлік-транзит, энергетика, қаржы және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты серіктестіктің мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар тараптар БҰҰ, ИЫҰ және АӨСШК секілді халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.
John Larry
PEOPLE SHOULD BEWARE THERE ARE MANY FAKE FRAUDULENT OUT THERE... People are falling victim to it. I am so delighted to share my incredible experience with the recovery company called MAYER MUSK HACKER. I invested 145,000 in a fake investment. After falling victim. I was devastated and unsure if I would ever see my hard-earned money again. I’m happy I found MAYER MUSK HACKER on google who helped me recover my cryptocurrency. I can’t forget how MAYER MUSK HACKER helped me recover my cryptocurrency. I never would have imagined that cryptocurrency could be recovered. To anyone who finds themselves in a similar predicament, I recommend MAYER MUSK HACKER. Their unwavering commitment to their client’s well-being, combined with their unparalleled expertise in cryptocurrency recovery. You can also contact them via Email support@mayermuskrecoveries.com Website https://mayermuskrecoveries.com Whats-App: +1 (347) 470-7678 They are one of the best recovery companies in the world.