ҰЙЫССАҚ ҚАНА ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒА АЛАМЫЗ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарына су тасқынына байланысты арнайы үндеу жолдады. Қазір елімізде қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Президент халыққа үндеуінде Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында болған су тасқыннан қорытынды шығарып, жіберілген олқылықтардан сабақ алу қажеттігін айтты.

Осындай қиын-қыстау сәтте, бір-бірімізді қолдап, бірлікті сақтауымыз қажет. Қол ұшын созып, демеу болуымыз керек. Сонда ғана біз барлық қиындықты еңсеріп, бойымызды тіктей аламыз. 

Бүгінгі халыққа арнаған Үндеуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы су тасқыны көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін атап өтті. 

Президент қиындықты міндетті түрде еңсеретінімізді, суға кеткен үйлер қалпына келтірілетінін, қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды екенін жеткізді.

-Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі, - деп Президент зардап шеккендерге тиісті көмек берілетінін мәлімдеді. 
Президеттің бұл үндеуіне облыстық мәслихат депутаттары да қолдау білдіріп, көмектерін беруде. 

Нұралы ӘБІШОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы.
Пікір қалдырыңыз