Қаһармандық білекте емес, жүректе!

Біз Жеңіс, қаһармандық туралы ойлағанда ең әуелі батырларымызды еске аламыз.  Бұл шын мәнінде орынды да. Бірақ, елге жаппай қиындық туғанда қаһармандық білекпен емес, жүректен шығады. Мұны су тасқыны салдарынан Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ұлықтау облыстарының тұрғындары қиындық көріп жатқанда басқаларымыздың жұдырықтай жұмылып,  табиғи апаттарды бірігіп жеңуге деген талпыныстарынан аңғардық. Ел мүддесі осындайда айқындалады. 
Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым- Жомарт Тоқаев «Тасқын судан зарлап шектен азаматтарға айтарым, мемлекет  бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды.  Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі.  Материалдық шығындар толық өтеледі» деуі елін сүйген тұлғаның жарқын бейнесін танытты әрі бәрімізге қуат берді.
Міне, қаһармандық  деген осындай ел ішіндегі ауыртпалықты бірлесе жеңуде  танылады. Қазақстан бұл қиындықты да енсереді. 
Сексенбай  ТҰРЫСБЕКОВ,
Түркістан облысының құрметті азаматы, еңбек  ардагері.
Пікір қалдырыңыз