Қайғыны бөліссең азаяды

Солтүстік өңірлердегі алапат су тасқыны қалың жұртты қапыда қалдырды. Амал нешік? Табиғат бірде олай,бірде бұлай өз қиындығын алып келеді. Бәлкім адамзаттың ауызбіршілігін, ынтымағын сынайын деді ме екен. Алайда Қазақстан халқы бұдан бұрын да талай қиындықты бастан өткерген. Арыстағы жарылыс,Сардоба су қоймасындағы тасқын бірлескен күшке бағынды. Ел болып еңсе көтердік.  Бұл қиындық та уақытша. Топан су да тоқтар. Жаңа үйлер салынады.Малдың да орны толар.Қазір ең бастысы сабыр сақтау керек.Ел Президенті халыққа Үндеу жариялап тасқын судан жапа шеккен әрбір жан назардан тыс қалмайды деп отыр.Қаңқу сөзге ермейік. 
Түркістандықтар сіздермен бірге
Осы кезге дейін азық-түлік,басқа да тауарлар тиелген автокөліктер  солтүстік облыстарға барды.Қиналған ағайындарға қол ұшын созып жатқандар көп.Көп ұзамай бәрі де орнына келеді.Жақсы күндер әлі алда ағайын.Соған сеніңіздер. 
Жарылқасын ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ, 
облыстық ардагерлер алқасының төрағасы.
Пікір қалдырыңыз