Сын сағатта бірге болайық

Бастысы - адамдарымыз аман болсын. Қалғаны орнына келер.

Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Халыққа қиын болды. Тосыннан келген табиғи апатты тоқтатуға барлығымыз бірдей атсалыссақ, бұл күндер де артта қалар, уайымымыз жоғалар. Бастысы - адамдарымыз аман болсын. Қалғаны орнына келер.
 
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан жағдайға байланысты Үндеуінде мемлекет зардап шеккен адамдарды ескерусіз қалдырмайтынын, материалдық шығындар толық өтелетінін айтты. Сын сағатта бір-бірімізге демеу болмасақ елдігіміз қайсы?! "Бірлік бар жерде тірлік бар" екенін ұмытпайық.

Маралбек ТАСБОЛАТОВ, 
фермер, Қазығұрт ауданы.
Пікір қалдырыңыз