Жеңіл өнеркәсіп өнімінің сапасы мен қауіпсіздігі қандай?

Жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын тауарлар, ең алдымен  мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын, машиналық өндіріс тәсіліндегі кілемді бұйымдар мен жабындылар, киіз, жұқа киіз және тоқусыз материалдар, терілер мен тері бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы.
 Аталған өнімдердің қауіпсіздігі Кеден Одағының 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен реттеледі.
Кез келген өнімді сатып аларда сыртқы қаптамадағы таңбалануға назар аударыңыз. Таңбалану келесідей қажетті ақпараттармен қамтылуы тиіс:
·  өнімнің аталуы;
·  өндіруші елдің атауы;
·  өндіруші не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның атауы;
·  өндірушінің не сатушының, немесе өндіруші уәкілетті тұлғаның заң бойынша мекен-жайы;
·  бұйым өлшемі;
·  шикізат құрамы;
·  тауар белгісі (бар болған жағдайда);
·  нарықта Кеден одағы мемлекеттер-мүшелерінің өнімге беретін бірыңғай белгісінің болуы;
·  өндірушінің кепілдеме міндеттері (қажет болған жағдайда);
·  өндірілген күні;
·  өнім партиясының нөмірі (қажет болған жағдайда).
Өнім түрлеріне байланысты салмақ, сұрыпы, үлгісі және т.б. көрсеткіштері көрсетіледі.
Жеңіл өнеркәсіп өнімі нарық айналымына шықпас бұрын, мағлұмдама сәйкестігі немесе сертификаттау түрінде болатын, осы техникалық регламент талаптарына сай сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуі тиіс. 
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қауіпсіз өнімді таңдауға шақырады!
Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ, Шымкент қаласының СЭБД басшысы.
Пікір қалдырыңыз