ШОРА БАТЫР
(жыршы Болатбек Ердәулетұлының нұсқасы)
Қоғамда қайырым кем қатыгез баланың көбейіп бара жатқанына кім кінәлі?
Жасөспірімдер арасында қылмыс неге жиілеп кетті? Мұның себебін олардың кітап
оқымауынан, ауыз әдебиеті мұралары мен көркем әдебиетті оқымауынан іздейтініміз
рас. Өйткені, әдебиет адамды ізгілікке тәрбиелейді. Рухы мықты, намысшыл,
елжанды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын ұрпақты тәрбиелеудің бір
амалы – баланың бетін әдебиетке, оның ішінде ауыз әдебиетінің құндылықтары мен
көркем әдебиетке бұру. Осы орайда «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының
ұжымы биыл төртінші мәрте батырлар жырын жатқа айту бойынша мектеп оқушылары
арасында «Жақсылар, дастан айтайын...» атты байқауын өткізгелі отыр. Биылғы
байқау «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналмақ.
Биылғы тақырып – «Шора батыр» жыры. Зерттеулерге жүгінсек, «Шора батыр» жөніндегі жыр Румыния, Түркия, Қырым, Қазан татарлары мен ноғай, қарақалпақ, башқұрт, чуваш және қырғыз халықтары арасында кеңінен тараған. Ал, елімізде «Шора батыр» жыры Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында көбірек айтылған. Қазақ нұсқаларының мазмұны да сан түрлі: батыс нұсқаларында тарихилық сипат басым болса, оңтүстіктегі нұсқалар көркемдігімен ерекшеленеді. Соның ішінде кейінгі жылдары түрлі жинақтарда жарияланып жүргені – филология ғылымдарының докторы Қыдырәлі Саттаровтың 1981 жылы жас жырау Болатбек Ердәулетұлынан жазып алған нұсқасы. Біз ұсынып отырған нұсқа – ең көлемді жыр нұсқасы. Байқауға қатысушылардан жырдың дәл осы нұсқасын жаттау талап етіледі.
Түркістан облысы «Оңтүстік
Қазақстан»
білім басқармасының қоғамдық-саяси
газетінің
басшысы директор-бас
редакторы
_________ Ғ.Жұмашев ____________А.Балажан
«___» ____________ 2024 «___»
____________ 2024
Батырлар жырын жатқа айту бойынша «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған
«Жақсылар, дастан айтайын...» атты IV облыстық жас жыршылар байқауын өткізу жөніндегі
Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ереже
1.1. «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауы (бұдан әрі — Байқау) Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында өскелең ұрпақтың
тәрбиесіне қатысты көтерген мәселесін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады.
1.2. «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауына Түркістан облысының оқушылары ғана қатыса алады.
1.3. Байқауға жалпы
орта білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың 6-10 сыныптарының оқушылары
қатыса алады.
1.4. Байқау
қазақ халқының батырлық эпостарын жатқа айту бойынша өтеді. Байқау аясында
қатысушыларға «Шора батыр» жырын жатқа айту, жырда кездесетін көнерген
сөздердің мән-мағынасын түсіндіру, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы
негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру тапсырылады.
1.5. Осы Ереже
Байқау шаралары аяқталғанға дейін қолданыс күшін жоймайды.
1.6. Қосымша
ақпараттар мен «Шора батыр» жырының электронды нұсқасы www.okg.kz ресми сайтында жарияланады.
2.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- балалар
арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;
- өскелең
ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
- балаларды
халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке
және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық
қасиеттерге баулу;
- балалардың
әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту;
- дарынды
балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету;
- өнерлі
жастарды халық арасында таныту;
- қазақ тілі
және әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру.
3. Ұйымдастыру
комитетінің қызметі
3.1. Байқауды Түркістан
облысында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы»
ЖШС жүзеге асырады.
3.2.
Ұйымдастыру комитеті өкілеттілігі:
- Байқаудың
өткізілу шарттары мен Ережесін бекітеді;
-
Байқаудың қазылар алқасын бекітеді;
- Қазылар
алқасының жұмысын үйлестіреді;
- Қатысушыларға
аудандық, облыстық кезеңдерде ұсынылатын сұрақтарды әзірлейді.
4. Байқауды
өткізу кезеңдері, тәртібі мен шарттары:
4.1. Байқау іріктеу,
ақтық кезеңнен тұрады:
- аудандық кезең (2024 жылдың 1-11 қазан аралығында);
- облыстық кезең (2024 жылдың 24 қазан).
4.2. Аудандық іріктеу кезеңі. Қатысушылар
іріктеу кезеңіне келгенде Ұйымдастыру комитетіне өздері туралы толық мәліметті
ұсынуы тиіс.
Мәліметте
келесі ақпарат көрсетілу керек:
- қатысушының
толық аты-жөні (қатысушының фотосы);
- елді мекен
(облыс/қала/аудан/ауыл);
- мектебі,
оқитын сыныбы;
- оқушыны
дайындаған ұстазының аты-жөні;
- байланыс телефоны,
e-mail.
4.2.1. Аудандық
байқауға қатысушылар «Шора батыр» жырын жатқа айту бойынша жарысады.
4.2.2. Аудандық кезеңде I орын алған
жеңімпаздарға облыстық кезеңге жолдама
беріледі.
4.3. Ақтық кезең
4.3.1. Ақтық
кезең 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімнің жеңімпаздары екінші бөлімге, екі
бөлім бойынша жеңімпаздар іріктеліп үшінші бөлімге жіберіледі. Байқау
жеңімпаздары үш бөлім бойынша жинақталған балл саны бойынша анықталады.
1-бөлім. Жырды жатқа айтудан сайыс:
- Сахнаға шығу
реті жеребе арқылы алдын-ала анықталады.
- Сахнаға екі
қатысушыдан шығарылады.
- Қазылар
алқасы жас жыршыны кез келген сәтте тоқтатқанда, келесі қатысушы жырды әрі
қарай жалғастыра жөнелуге дайын болуы керек немесе қазылар алқасы жыр ішіндегі
оқиғалар желісі бойынша жалғастыруды ұсынуға құқылы (талап еткен жағдайда сол жерден жалғастыруы тиіс);
2-бөлім. Сұрақ-жауап:
- Қатысушыларға сұрақ билет түрінде беріледі
- Әр билетте
екі сұрақтан болады (6-10 сыныптың «Қазақ
әдебиеті» оқулығы бойынша әзірленеді).
- Сұрақ
әзірлеуде қатысушылардың жас ерекшелігі ескеріледі.
3-бөлім. Жырдағы көнерген сөздердің
мағынасын ашу.
- Сұрақтар қазылар
алқасы тарапынан қойылады.
4.3.2. Байқаудың ережесі алдын-ала «Оңтүстік
Қазақстан» газетінде және осы газеттің
сайтында (okg.kz) жарияланады.
5. Бағалау
критерийлері:
5.1.
Қатысушылардың өнері 10 балдық жүйемен бағаланады.
5.2.
Қатысушының шығарманы оқу мәнеріне және артистік шеберлігіне назар аударылады,
яғни батырлар жырын нақышына келтіріп, төгілтіп жырлауы ескеріледі.
Жырды айту
барысында қатысушы 3 рет мүдірсе байқаудан шығарылады, ал жеңгені келесі
кезеңге өтеді.
5.3. Қазылар
алқасы оқушының білімін тексеру үшін қосымша сұрақтар қойып, дауыс беру арқылы
жеңімпаздарды анықтайды.
6. Қазылар
алқасы туралы:
6.1. Байқауға
қатысушылардың өнерін бағалау үшін қазылар алқасы құрылады.
6.2. Қазылар
алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды.
6.3. Қазылар
алқасы қатысушылардың әрбір мүдіргенін қалт жібермей, белгілеп отыруы тиіс.
6.4. Қазылар
алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және оған барлық мүшелері қол
қояды. Дауыстар саны тең түскен жағдайда қазылар алқасының төрағасы шешуші
дауысқа ие болады.
7. Марапаттау
7.1. Аудандық кезең бойынша қаржылай сыйлық:
І орын –
50 000 (елу мың) теңге;
ІІ орын – 30 000 (отыз мың) теңге;
ІІІ орын – 20 000 (жиырма мың) теңге.
7.2. Облыстық кезеңде жеңімпаз 3
қатысушының ұстаздары да қаржылай сыйлықпен марапатталады.
Облыстық кезең бойынша:
Оқушыларға: І орын (біреу)
– 1 000 000 (бір миллион) теңге;
ІІ орын (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
ІІІ орын (біреу) – 300 000 (үш жүз мың) теңге.
Ұстаздарға: І орын
(біреу) – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
ІІ орын (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
ІІІ орын (біреу) – 300 000 (үш жүз мың) теңге.
Ынталандыру сыйлықтары: 5 адамға
50 000 (елу мың) теңгеден.
7.4. Байқау
Ережесіне өзгерістер енгізілсе қосымша хабарланады.
Ұйымдастыру
комитетінің мекенжайы:
Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6,
3-қабат, «Оңтүстік Қазақстан» газеті.
Тел.: 8 776 358 03 76, daulet_776@bk.ru
«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»
Түркістан
облысы «Оңтүстік
Қазақстан»
білім
басқармасының қоғамдық-саяси
газетінің
басшысы директор-бас
редакторы
_________ Ғ.Жұмашев ____________А.Балажан
«___»
____________ 2024 «___»
____________ 2024
Батырлар жырын жатқа айту бойынша «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған
«Жақсылар, дастан айтайын...» атты IV облыстық жас жыршылар байқауының
аудан,
қалаларда іріктеу кезеңін өткізу
К Е С Т Е С І
№ |
Аудан-қалалар |
Күні |
Сағаты |
1 |
Созақ |
1.10.2024 |
10.00 |
2 |
Бәйдібек |
1.10.2024 |
15.00 |
3 |
Кентау |
2.10.2024 |
11.00 |
4 |
Сауран |
2.10.2024 |
15.00 |
5 |
Отырар |
3.10.2024 |
10.00 |
6 |
Түркістан |
3.10.2024 |
15.00 |
7 |
Ордабасы |
4.10.2024 |
10.00 |
8 |
Арыс |
4.10.2024 |
15.00 |
9 |
Жетісай |
7.10.2024 |
10.00 |
10 |
Мақтаарал |
7.10.2024 |
15.00 |
11 |
Келес |
8.10.2024 |
10.00 |
12 |
Шардара |
8.10.2024 |
15.00 |
13 |
Қазығұрт |
9.10.2024 |
10.00 |
14 |
Сарыағаш |
9.10.2024 |
15.00 |
15 |
Сайрам |
10.10.2024 |
10.00 |
16 |
Түлкібас |
10.10.2024 |
15.00 |
17 |
Төлеби |
11.10.2024 |
10.00 |
|
|
|
|
|
Облыстық кезең Түркістан қаласында |
24.10.2024 |
10.00 |
|
|
|
|
ШОРА БАТЫР
(жыршы Болатбек
Ердәулетұлының нұсқасы)
Бисмилла деп
бастайын,
Ісімді құдай оңдаса.
Шешеннен сөз табылар,
Жайы бұлттай
шарланса.
Қисық ағаш түзелер,
Тезге салып барласа.
Ақбөкен келіп
жығылар,
Алдын қазып орласа.
Ақ сұңқар келіп
ілінер,
Саятшы алдын торласа.
Бенденің бағы
ашылмас,
Маңдайы қалың
сорласа.
Өлеңге денем
қайнайды,
Жиналып жігіт
құралса.
Жігітті қара басар
ма,
Жігітті Құдай ұрмаса?
Берекет малға кірер
ме,
Әрекет пенде қылмаса?
Жол табады ер жігіт,
Алымның сөзін
тыңдаса.
Көп ақылы кімнің
табылар,
Көп болып кеңес
құрмаса?
Ақылы бар ер тыңлар,
Ақындар келіп
жырласа.
Есі бар мылқау
түсінер,
Қолын бұлғап ымдаса.
Соқыр көзден жас шығар
Егіліп жылап шындаса.
Тәңірім тілек береді,
Арамдық пенде
бұрмаса.
Құдіреті әлі қиын-ды,
Табаны тайып
ысыраттан,
Дозаққа түсіп
зырласа.
Ешкім жәрдем бере
алмас
Бұл түрлі келген
азапқа.
Жаратқан жапар
құдайым
Өзі бір дәрмен
қылмаса.
Тыңдасаңдар,
жарандар,
Білдірдім сөздің
нұсқасын.
Әлім нашар, қуатсыз,
Таппадым, сөздің
ұстасын.
Бір Алла болар
жәрдемші
Қиын іс басқа түскен
соң.
Дүниеге қайтып келмек
жоқ,
Көтеріліп ұшқан соң.
Піліктей парлап
жанбайды,
Жанған шырақ өшкен
соң.
Ата менен баладан,
Қатын менен анадан,
Күллі туған ағайын,
Ешбірінен пайда жоқ,
Басына мүшкіл түскен
соң.
Дауасы болмас
кеселдің,
Өлімнен шәрбат ішкен
соң.
Жайларын қылып
ұрадай,
Қара бір жерді тескен
соң.
Жағасыз, жеңсіз
көйлекті
Басына өлшеп, пішкен
соң.
Шығайын десе, есік
жоқ
Қараңғы жердің астына
Ұзыннан салып, түскен
соң.
Атамыз Адам пайғамбар
Топырақтан жарапты.
Мұсылман, кәпір
баршасы
Сол әзізден тарапты.
Отырған барша
жамағат,
Құлағың салып,
тыңдасаң,
Ер Шораның қисасын
Айтпаққа қылдым
талапты.
Қалғымаңдар, жамағат,
Қандырып құрышын
құлақтың,
Еш нәрсе етпес бір
таңға,
Құлағың сал жырларға,
Шораны көңілім
ұнатты,
Ойнар-күлер шағында.
Ақыретте пенделер
Көреді хақтың
салғанын.
Отырған барша
халайық,
Құлақ салсаң,
тыңдасаң,
Көңілдеріңе ұнаса,
Көшірейін азырақ
Әруағын таманың.
Әулие әлем болғанда,
Орманбет хан өлгенде,
Басы саулар күлгенде,
Он сан ноғай
болғанда,
Қазан деген қалада,
Қырық мың үйлі тамада
Нәрікбай деген бай
еді,
Төрт түлігі сай еді.
Қызыл ала сиырдан,
Ақты-бозды қойынан,
Тоқсан тоғай
жылқыдан,
Қой басындай
күмістен,
Күмістің қанша
пұлымен
Ынсабы жоқ бай еді.
Сазандының елінен
Алды бір қыз деп еді.
Тумады бұл қыз
кешігіп,
Келгеніне көп жыл боп
еді.
Сұрасаң, аты
Құлқаныс,
Елуге жасы кеп еді.
Сонша жасқа келгенше
Бір перзенті жоқ еді
Адамға аузын ашпаған,
Дәретсіз жерді
баспаған.
Екі қолы жағада,
Аузында дайын тобасы,
Жайлауы таудың
бұлағы,
Жайқалған шалғын
құрағы.
Перзент деген,
жақсылар,
Азаматтың шырағы.
Сол жерлерге
келгенде,
Бір перзенттің
жоғынан,
Нәрікбай менен
Құлқаныс,
Болмады көңіл тұрағы.
Анда-санда ыңыранып,
Жылаушы еді зарланып
Киіктей өлген лағы.
Сол уақытта тамада
Әлімхан деген хан
еді.
Хан қарасын билеген
Есім ер деген бар
еді.
Қайратына мас болған,
Қаңтардағы нар еді.
Қалмақтармен соғысып,
Неше жерден тоғысып,
Іздегені қазақтың
Намысы мен ары еді.
Ғайып ерен қырық
шілтен
Ұрысқа Есім барғанда
Шылауында жүр еді.
Сол Есім мен Нәрікбай
Бір туған еді атадан.
Қорқушы еді Есімнен
Қарайған жалқы, жалпы
адам.
Еркінсіген ерлердің
Талайын тұсап, майтаған.
Ұстамай дұшпан
жағасын,
Сыйлаушы еді ағасын.
Қабағына көп қарай,
Шеніне бармай қашады.
Білмейтін сырын еш
адам,
Шындығы сөздің
осылай.
Батырлық, байлық
қабат кеп,
Баһадүр Есім атанған.
Қабағына көп қарап,
Перзентсіз көңілі
қапа еді.
Нәрікбай менен
Есімнің
Жан бетіне қарамай,
Жатушы еді жылқысы
Ақ теңізді жағалай!
Шалағайы берік боп,
Озан еді шабаны.
Үйде отырып ерігіп,
Үйінен шықты бай
Нәрік,
Көңілі қатты зерігіп,
Көп жылқысын жағалай.
Бір малы егер жоқ
болса,
Білуші еді санамай.
Уақыт бесін болғанда,
Алмаққа дәрет
Нәрікбай,
Теңізге келіп
түсіпті,
Көп жылқысын аралай.
Сол уақытта,
жақсылар,
Құдіретімен Құдайдың
Теңіз тасып, жосылды.
Көріп тұрды бұл сырды
Жылқы ішінде
Нәрікбай.
Қара суды қақ жарып,
Ішінен шығып бір
шұбар,
Оқыранып шауып кеп,
Көп жылқыға қосылды.
Нәрікбайға, жамағат,
Бір перзенттің зары
өтті.
Құдіретіне Құдайдың
Көнбейін деген
халетті'.
«Жақсы сөз — жарым
ырыс»,— деп,
Бұрынғылардан сөз
қапты.
«Қөзінің жасын
көргін»,— деп,
«Иесін мұның
бергін»,— деп,
Қамығып барып
Нәрікбай,
Шұбар атты тәу етті.
Сол уақытта,
жақсылар,
Судан шыққан шұбардың
Жылқыдан бөлек
тұлғасы.
Әр мүшесі басқаша.
Демесең жылқы
пормасы.
Қашқанда қоймас
шабылса,
Және бар жалғас
жорғасы.
Мойынында белгісі,
Бар еді әліп таңбасы.
Көзі жанған
жұлдыздай,
Сұлу сусар құндыздай.
Ілеспейді үстіне
Шаң мен тозаң
шұбардың.
Нәрікбай сонда
сөйледі:
– Ей, жануар, шұбар
ат,
Мақпалдан дорба
ілейін.
Үстіңе сенің
мінгендей
Иеңді ақтан тілейін.
Көрсетсе Құдай бір
перзент,
Тілеуін тілеп
жүрейін.
Бермесе Алла, шарам
не,
Шал болсам да өзім
мінейін.
Екпініңді байқасам,
Соққан желмен
бірдейсің.
Құбылып, ойнап жер
басып,
Басқа малдай
жүрмейсің.
Жануар, түсің неше
алуан,
Қызарған қызыл
гүлдейсің.
Бір кейпіңе қарасам,
Қайратыңды байқасам,
Күркіреген күндейсің.
Қартайсам да бағайын,
Алтыннан қазық
қағайын.
Бір перзентке,
жануар,
Дүниеде артық орасан
Тілеулес болып жүргейсің!
Нәрікбай асқан бай
еді,
Құдай берген несібе,
Төрт түлігі сай еді.
Есепсіз малы өсіпті,
Сол жерлерге келгенше
Құлқаныс тумай
кетіпті.
Ұлды, қызды жаранға
Көрсетіпті бесікті.
Шұбар аттың,
көпшілік,
Судан шығып келгенін,
Нәрікбайға Құдай
бергенін,
Шұбар аттың мақтауын
Інісі Есім есітті.
Көңіл қылды Есім ер,
Түрі бөлек шұбардың,
Көрсеткендей бір
ерді,
Шұбар атты тіледі.
Қартайып жасы кеп
еді,
Баладан үзді күдерді.
«Бай Нәрікке баршы,–
деп,
– Менің айтқан
сөзімді
Ұғып әбден алшы»,–
деп,
Шұбар атты сұратып,
Есім ер адам жіберді.
Жіберген адам келеді,
Нәрікбай оны көреді.
Сөйлейін деп алқымы
Құрбақадай кебеді.
Сөзге шорқақ бір
жазған,
Көкірегі көр еді.
Нәрікбайға жолығып,
Иіліп сәлем береді.
Қасына келіп
Нәрікбай:
«Жол болсын, балам»
деп еді.
Сол уақытта ол адам,
Шағып алған жыландай,
Ішінен зәрін төгеді:
– Әлей
болсын, байеке,
Шұбар атты сұратып,
Жіберді Есім ініңіз.
Бөтен емес, бөгде
емес,
О да өзіңнің біріңіз!
Шұбар атты мінуге,
Байеке, келмес
түріңіз.
Қартайғанда, байғұс
шал,
Ашылмаған гүліңіз.
Есімнен басқа кімің
бар,
Тілеуін тілеп
жүріңіз.
Нәрікбай сонда
сөйледі:
– Сандырамай,
жүре бер,
Шұбарды жанға
бермеймін!
Басқа малды көзіме,
Қырау құрлы
көрмеймін.
Шұбар атты қолымнан
Шығармасқа, байғұс
шал,
Шарт қылып едім мен
деймін.
Ол адам тағы сөйледі:
– Жасың болса қартайып,
Сақал-мұртың қуарды.
Көкірегің күркілдеп,
Көзіңнің алды
мұнарды.
Әлі де үміт қыласың,
Құлқаныс перзент туар
деп.
Қапа қылып қайырма,
Туысқандықта мінің
жоқ,
Есім сынды шынарды.
Басыңнан өтті заманың,
Бір күні тайса
табаның,
Кімдікі деп ойласаң,
Шұбар ат түгіл, бұл
малды
Елің-жұртың талайды.
Нәрікбайға мына сөз
Тиді жаман балтадан.
Жүрекке тиген
мылтықтай,
Шықты тесіп арқадан.
Айтарын не деп
білмеді,
Қалды қарап қалтайып,
Көзінің жасы көл
болды.
Иә, Тәңірім!» – деп
айқайлап,
Құлады барып
шалқайып.
Нәрікбайдың көңіліне
Түсті қаяу, кетіліп.
Сөз айтпаған батырдың
Бетіне ешкім жекіріп.
Тұрды дағы орнынан,
Үйіне жүрді өкіріп.
Қаша берді ол адам,
Айтқанына өкініп.
Бұл сырды біліп
қалады,
Құлқаныс үйде отырып.
Бір бәленің болғанын,
Ақылмен аңлап,
болжайды.
Тірілікте ғаламат,
Перзенттің жоғы
қандай-ды.
Сөзін естіп Есімнің,
Бай, бәйбіше екеуі
Қосылып жылап,
аңырады!
– Кімдер тентек
қылмайды,
Біз сияқты қу басты.
Көгертіп қойды Құдайым
Бірнеше
құрбы-құрдасты.
Құлқаныс айтты
Нәрікке:
–Бұл сөзді айтқан
інің-ді.
Басқа адам мұны айта
алмас,
Көңілдері қалар деп,
Болса да қандай
мініңді.
Тірідей жүзін
көрмеспін,
Қайнымнан көңілім
түңілді.
Бұл сөзді айтып
екеуі,
Біраз ғана бүгілді.
Нәрікбай сонда
сөйледі:
– Олай десең,
Құлқаныс,
Менің де көңілім
қалып тұр,
Жұрт аударып кетейік.
Елге қу бас атанып,
Бұл жерде жүріп не
етейік!
Жылап жүріп, Алладан
Бір перзент тілеп
өтейік.
Көз жасымды қабыл қып,
Жарылқаса Жаратқан,
Көрсетсе Құдай бір
бала,
Мұратқа сөйтіп
жетейік.
Қазаннан ауып
Нәрікбай
Кетпекті мақұл
көреді.
Інісіне өкпелеп,
Бөлініп көшіп жөнеді.
Қырық үйлі тама қоңсы
боп,
Бұ да ілесіп келеді,
Қырық күншілік шөл
еді.
Адыр-адыр тау екен,
Асусыз асқар бел екен,
Есепсіз малы көп
екен.
Шұрқыратып жылқысын,
Жарым қылып ұйқысын,
Елсіз, сусыз далада
Көп азапты көреді.
Үш ай көшті тынбастан
Ақ дарияның бойына,
Ноғайлы түрікмен жері
еді.
Сол уақытта,
жақсылар,
Айдархан соққан
Аққала,
Ішінен темір
қашатқан,
Сыртынан күміс
жалатқан.
Сейілхан орда
түрікменнің
Мың сан үйлі жаны
бар,
Қарахан деген ханы
бар.
Қалтайтып қойған бала
екен.
Хан деген жұртқа намы
бар.
Сол жерде жұртын
сұраған,
Пеш қылып мұртын
бұраған,
Айырықты деген елінен
Әліби деген нары бар.
Қылғаны зорлық,
қиянат,
Жұртына беріп ақырет,
Көп ғарыпты жылатқан.
Ашуланшақ, пейілі
тар,
Рудан он мың үйі бар,
Неғылса да күйі бар.
Балта кеспес
мұртынан,
Жүрмейді дұшпан
сыртынан.
Жақындасып келгенде,
Теуіп, тістеп, қырқыған.
Ақша би деген інісі,
О да өзінен кем емес.
Жолыққанда кездесіп,
Жолбарыстай жұлқыған.
Көшіп келді аз тама
Ноғайлы түркімен
жеріне,
Үш ай көшіп
тынбастан,
Көзіне жаны көріне.
Қапада көңілі торығып
Сыймаған малдың
көбіне.
Және де көңілі
жайқалды
Қалың құрақ шөбіне.
Нәрікбай және ойланды
Жолықпаққа бұл елдің
Ханы менен бегіне.
Қараханға бармаққа
Сарам жолын сайлады.
Алтын белдік
жалтылдап,
Күмістен кісе
байлады.
Тоғыз жорға тартуға
Жылқыдан бөліп
айдады.
«Өздері қандай ел
екен?
Байқайын», – деп
ойлады.
Жұртынан ауып,
жақсылар,
Мүсәпір пенде
болмасын.
Ғарыптың ісін әр
жерде
Жаратқан өзі оңласын.
Тарту үшін Нәрікбай
Айдады топтап
жорғасын
Сұрап барып түсіпті
Қараханның ордасын.
Бір уақытта,
жақсылар,
Келіп тұрған Нәрікбай
Хан қарасын көреді.
Ертіп барып бір кісі,
Төрден орын береді.
«Дүниесі құрысын,
Тоғыз жорға байдікі —
Ханға тарту» деп еді.
Жалаң жорға келген
жоқ,
Бәрі асылдан
тоғыздың.
Қайсыбірін айтайын,
Ап келген тарту көп
еді.
Самауырды қайнатып,
Дастарқанды жайнатып,
Неше түрлі шекер, бал
Нәрікбайдың алдына
Сияпат қылып төгеді.
Қарахандай ханына,
Жақпай түрікмен
жанына,
Сол уақытта Нәрікбай
Мына бір сөзді деп
еді:
– Тыңдасаңыз, тақсыр
хан,
Мен арызымды
қозғайын.
Адасқан топтан
қаздаймын,
Қойдан да жуас
байғұспын.
Зорға жеттім жеріңе,
Үш ай көшіп жаздайын.
Анасы жоқ боздайын
Амандықта, тақсыр
хан,
Зарымды айтып,
қозғайын!
Жазатайым боп кетсем,
Аяқ асты болмайын.
Құлағыңа салғаным,
Байқаусыз қалып,
тозбайын.
Малымыз сыйып
жатқанда,
Жер беріңіз бір
шеттен,
Ордаға мойным
созбайын.
Атаңыз өткен
Айдархан,
Қасиетті болған жан.
Бір перзенттің
жоғынан,
Ағайыннан ажырап,
Мүсәпір болып біз
ауған.
Естіген соң бұл
сөзді,
Қарахан сонда
сөйледі:
«Жұртынан ауып
ғаріптің,
Өксіпті,– деп,–
өмірі».
Үрмет*
қылып көп сыйлап,
Қылыпты мейман о
күні.
Қарахан Нәрікбайды
үрмет қылып,
Қасында мейірман боп
ойнап-күліп,
«Құдайым маған бір
жан жеткізді» деп,
Әліби көп қуанды
өзімсініп.
Көңілі Әлібидің
қуанды көп:
«Семізін жеп, сұлуын
мінеміз,– деп.–
Қазанда өзі жатқан
көп тамадан
Құдайым қаңғыртып кеп
беруін! – деп.
Қырық үй несібелі
келді тама,
Жеткізген мұны Құдай
өзі пана.
Тоғымда мал, ашымда
азық болар,
Шөлдесем емізіктей
қара саба.
Нәрікбайды Қарахан
Өкіл ата қылыпты.
Жайлау, қыстау жер
алып,
Байдың көңілі
тыныпты,
Келгенін дәулет
біліпті.
Жайқалған тынық
шалғыны,
Таңдады судан
тұнықты.
Қайда барса – бас
әзіз,
Бай қонысы бағулы,
Жанына жұрттың
жағулы.
Келген жанның бәріне
Қазаны түспей
ошақтан,
Оты дайын жағулы.
Сабадағы қымызы
Есіктен төрге ағулы.
Ауылынан ат кетпей,
Үйінде қонақ бағулы.
Бір күндері болғанда
Айбынды туған Әліби
Гүлсары атқа мінеді,
Мәлін бөркін киеді.
Ақ тұйғынын қолға
алып,
Алдына дабыл іледі.
Қырық жігітін ертіп
ап,
Аңға шығып жөнеді.
Қой дейтұғын адам
жоқ.
Неғылса өзі біледі.
Жасы қырықта сол
кезде,
Қайратқа әбден
толықты.
Сейілхан ұраны
түрікменде,
Жалғыз қара болыпты.
Сұраусыз ұстап мінеді
Елдегі таңдап
шонықты.
Бір жерлерге келгенде
Сыймай жатқан тоғайға
Көп жылқыға жолықты.
Алмаймын деген ойда
жоқ,
Өзіне бәрін жорыпты.
Сол уақытта Әліби
Қайтпаған таудай ер
еді.
Көкірегі жоғары,
Асусыз асқар бел еді.
Қөп жылқыны аралай,
Көз қырын салып
келеді.
Бірінен де бірі асқан
Не саңлақты көреді.
Бір жерлерге
келгенде,
Басы аспанға қараған,
Бауырынан жараған,
Барыстай құйрық
тараған,
Мойны алтын таяқтай,
Піскен алма сабақтай,
Бір шұбарға жолықты.
Сол уақытта Әлекең,
Тұлғасына таң қалып,
Ақыл-естен танады.
Бұйрық қылып ұста
деп,
Қасына жақын барады.
Мұны көріп шұбар ат,
Құлағын тігіп алады.
Қашайын деп қамданып,
Сыртына құйрық
салады.
Одағайлап осқырып,
Түсі суық адамды,
Айуан да болса,
жануар,
Ақылымен ойлап
табады.
Қарсы алдына келгенді
Қос аяқтап тебеді.
Бірінің қолын
сындырып,
Бірінің басын жарады.
Ұстатпайды шұбар ат,
Қырық жігіт әбден талады.
Түсіре алмай
қармаққа,
Айласын өзі тауысып,
Қолынан сұрап
алмаққа,
Нәрікбайдың Әліби
Ауылына қарай салады.
Биді көріп тамалар,
Таңырқасып қалады.
Алты қанат ақ орда,
Асыл кілем төсетіп,
Құс төсектің үстіне
Мамықтан жастық
салады.
Құдайы деп, қонаққа
Бір бие әкеп сояды.
Қылса да сондай
сияпат,
Үй басына он пұшпақ
Зекет жинап алады.
Қайдан тапсаң – одан
тап,
Міндет қып айқай
салады.
Қысылғаннан тамалар,
Мұндай іске шара не,
Қағыстырып табады.
Ас ішсе, тамақ
батпайды,
Өртеніп іші жанады.
Әлібидің, жақсылар,
Қорқушы еді дұшпаны
Алыста жатып
сыртынан.
Мырзалыққа келгенде
Жоқ еді Нәрік
тартынған.
Бидің көңілін
алмаққа,
Тарту қылып қалмаққа,
Алып келді үш жорға.
Таланына жаралған,
Сұлулығы және артық,
Көрсеңіз, асқан
сағымнан.
Сол уақытта Әлекең
Байдың қылған тартуын
Сияпат құрлы көрмеді,
Назар қып көзін
салмады.
Көп жылқының ішінен
Шұбар атты таңдады.
Бермесе де алмаққа,
Үкімнен құрық
салмаққа,
Сайтан кіріп
көңіліне,
Биді кұдай қарғады.
Ашуланьш Нәрікке,
Былайша деп сарнады:
–Қырық жігітім
қасымда,
Қорқыныш жоқ
ешкімнен,
Осылай менің қылысым!
Үрістем мен Дастандай
Маңдайдағы ұрысым.
Қаһарланып сілтесем,
Тасты кесер қылышым.
Қарағанда бата алмас,
Бір ұстаса тырысым.
Қырық үйлі тама,
келіпсің,
Бұ дағы менің ырысым.
Мені іні білсеңіз,
Арызымды айтып
отырмын,
Көзіңізге ілсеңіз.
Келгенім қалап шұбар
ат,
Байеке, менің
жұмысым.
Мұны есітіп Нәрікбай,
Қабағы тастай
түйілді.
Бидің сөзін
жақтырмай,
Ішіне мойнын жиырды.
Сыйласа да білмеді,
Бетімен асқан
сиыр-ды.
«Ырым қып едім бұл
атты,
Қойсын бізге шұбарды,
Ол сөзі бізге
қиын-ды.
Алғанынша алсын», –
деп,
Жылқының бәрін иірді.
Бұл сөзге жауап бере
алмай,
Бермесе – күні
қиылды.
«Айтамыз биге нені?»
– деп,
Қырық үйлі тама
кеңесіп,
Күніменен жиылды.
Сол уақытта Әлекең
Терісіне сыймады.
Қапаланып қайтпаққа,
Ат-көлігін жинады.
Алмас еді қайтпаған,
Кетіліп жүзі қирады.
Қорықса дағы
Нәрікбай,
Беруге атын қимады.
Сол уақытта Әліби
Долданып қатты,
көгерді:
«Бәлем, тама, тоқтай
тұр,
Көрсетермін өнерді.
Асықпасаң, Нәрікбай,
Оярмын, – деді,–
төбеңді!»
Бұл сөзді айтып
Әліби,
Жылқыға қарай
жөнелді.
Шұбарды ұстап алмаққа
Көңіліне жел енді.
Бара жатып Әлекең
Тағы да мұны ойлады:
«Қараханға барайын,
Бала да болса хан
еді.
«Әр іске сабыр ет»
деген,
Ретіне қарайын.
Сұраусыз кетіп
ханымнан,
Әруаққа шет болмайын.
Бермесе де жауапты,
Жұртыма мақұл
болайын.
Зорлығымды көрсетіп,
Шұбарды тартып
алайын.
Қарсылық қылса
тамалар,
Елін шауып, талайын.
Қаһар қылып басына,
Ауып келген аз тама
Болмай-ақ қойсын
ағайын!»
Бұл сөзді айтып
Әлекең,
Қайта жүрді еліне.
Қалаға келіп жолықты
Ханы менен бегіне.
Қаһарменен қараңыз,
Бегіне айтқан гәбіне:
– Ассалаумағалейкүм,
Халық иесі ханымыз!
Көңілім қалды
тамадан,
Әліби сынды нарыңыз.
Сұрап едім шұбарын,
Нәріктен сынды
сағымыз.
Шұбарды тартып
аламын,
Ұлықсат беріп қалыңыз.
Ара түссең тамаға,
Төгіле салар арымыз.
Қатты келдім ашумен,
Ыңғайымды таныңыз.
Бұл сөзді есітіп
Қарахан,
«Болыпты,– деп,– бір
бәле»,
Өкініп, басын
шайқады.
Ашуланса Әліби
Қиын еді, қайтпаған.
Арып келген тамаға
Тимесін деп сойқаны,
Хан емес пе қайтсе
де,
Одан-бұдан үлгі қып,
Қайтарып бір сөз
айтады.
– Айбынды туған
Әліби,
Қылыпсыз ашу тамаға.
Келіп тұрсыз ханым
деп,
Әруақ сыйлап балаға.
Сыйласаңыз ініңіз
Сөзіңізден садаға!
Шамам келмес түсуге
Тамаларға араға.
Пана тартып келіпті
Алыстан біздің қалаға.
Жүйесіз зорлық
қылсаңыз,
Құдайға мақұл бола
ма?!
Бәрімізден ұят-ты,
Шашылса бұл сөз
далаға.
Әлі де болса қайтыңыз
Бұл ашудан, жан аға.
Қой десе де қоймайды,
Жүрмекші болды
шұбарға.
Өжет туған Әліби
Айтқанын қылмай тынар
ма?
Шайтан кіріп көңіліне,
Бастады Құдай ұрарға.
Сол емес пе асқаны
Сұсының жұртты
басқаны.
Жарамады ханы да,
Тентек деп мұны
баспады.
Қарахан және сөйледі:
– Айбынды туған
Әліби,
Қайтпадың ба райдан?
Ауып келген аз тама
Жақсы емес жылап,
мұңайған.
Әлі де болса қайтыңыз
Мақұл емес бұл ойдан.
Бір кінәсін табыңыз,
Кінәсін қойып
шабыңыз!
Жүйесіз зорлық қылуға
Қорықпайсыз ба Құдайдан?!
Қараханның Әліби
Мақұл көрді мұнысын.
«Ал дегенім ұнапты,
Қу нәпсісі құрысын.
Бұл сөзбенен
жадыратып,
Жазайын,– деді,–
тырысын».
Той қылдырды ханына,
Бітірмекке жұмысын.
Шақырып тойға
Нәрікті,
Хабарлауға келеді,
Айбынды туған Әліби
Жанына байлап
қылышын.
Ал, енді, сіздер,
тыңдаңыз
Нәрікке зорлық
қылысын.
Бізді айтады жаршы
деп,
Қарахан бізге
бұйырды:
– Бай Нәрікке баршы,–
деп, –
– Жау болмасын, ел
болсын,
Өзімізбен тең болсын,
Тентек болмай, жөн
болсын.
Жөн болғанның
белгісі:
Тоқсан тоғай жылқысын
Сәскеде тегіс
байласын.
Түске дейін бір
сауып,
Сабаға құйып
жайғасын.
Арақ, шарап, бал
қосып,
Ашытып сақтап,
сайласын.
Бұл айтқанды қылмаса,
Басының қамын
ойласын.
Қырық сабаға
толтырып,
Қырық нарға арттырып,
Алып келсін тойыма.
Егер мұны қылмаса,
Мін тағылар бойына.
Қол салынар сұраусыз
Қорасы мен қойына.
Өкіл бала қылдым деп,
Келмесін байдың
ойына.
Ауылына қайтты Әліби,
Өктем-өктем айта сөз.
«Ханның тойы
тарқамай,
Келсін,– деп кетті
байды тез!»
Ауып келген аз тама
Бір залымға болды
кез.
Тамалар бұған
қарасты,
Ақылынан адасты.
Қапаланып Нәрікбай,
Жылауда болды екі
көз.
Сол уақытта,
жақсылар,
Құлқаныс атты бәйбіше
Қоңыр қаздай
байлаған,
Көркіне адам
тоймаған.
Ойлайтұғын ойы бар,
Ақылы артық дариядан.
Тоты құстай сыланып,
Жүзі раушан айнадан.
Қырық-елуге келгенше
Қыздағы нұры
таймаған.
Өрттей беті қабынып,
Көзі оттай жайнаған.
Сыйсын кімге бейшара
Басының қамын
ойлаған?
Асығыстап сол уақта
Хан тойына Нәрікті
Жібермекке Құлқаныс
Ойлады ақыл айламен.
Асығыстап сол уақта,
Құлқаныс сонда
сөйледі:
– Білмейсің бе,
жазған шал,
Бір бәленің болғанын?
Шұбар атқа есі ауып,
Әліби тікті қаһарын.
Қарсылық қылып енді
оған,
Дес айтарға жоқ әлің.
Еділ қайда, ел қайда,
Еділді көрер күн
қайда?
Ілестіріп артыңа,
Қырық үйдің тарттың
обалын.
Бұл сөзді айтып Құлқаныс,
Қынай белін байлады,
Оттай көзі жайнады.
Тоқсан тоғай жылқыға
Тоғыз құлды айдады.
Жинастырып жылқысын,
Сәскеде тегіс
байлады.
Түске дейін бір
сауып,
Сабаға құйып жайғады.
Арақ, шарап, бал
қосып,
Ашытып, шайқап,
сайлады.
Қырық нар таңдап
арттырды,
Жез арқанмен
тарттырды.
Он ту бие сойын қып,
Алдынан бір ер
шаптырды.
Қыдыры бар бай екен,
Ханның тойы
қызбай-ақ,
Дер уақытта жеткізді.
Сол уақытта,
жақсылар,
Келе жатқан Нәрікті,
Ол тойдағы ел –
түрікмендер,
Хан қарасын көріпті.
Ерте емес, кеш емес,
Дер шағында келіпті.
«Келмейді» деген
Әліби.
Айтқаны теріс болған
соң,
Ұялып, тірі өліпті.
Нәрікбайды көркен
соң,
Қарахан тасып,
желікті.
Сол уақытта Әліби
Алдынан шықты
Нәріктің.
Бәрі де бар, қараса,
Ойына келген
кәдіктің.
Сонда да болмай
бұзығың,
«Айыбы бар, айтар, –
деп, –
Қапа қылып қайтар», –
деп,
Тақылдаған тақпақтай
Сөйлеген сөзі кісіге
Тиетұғын тоқпақтай,
Бір баланы шақырды.
Жар шақырып тұрады,
Таз кепешін киіп ап.
Дауысы жаман шығады:
– Қайғы салма, Құдірет,
Басы жұмыр пендеге.
Ағайын, туған,
қарындас,
Сөзімді тыңда
кәлмагөй *
Мұсылманның баласы
Перзенттің дағын
көрмегей.
Тайын мініп
талтаңдап,
Баласы бірге
жүрмеген,
Ұлсыз, қызсыз қу
бастар
Хан тойына келмегей.
Шығады келсе есіктен,
Алдына төрдің
өрлемей.
Әкімнің қатты пеші
бар,
Бұл сөзімді аңласаң,
Ақылы бар, есі бар.
Ұлсыз, қызсыз қу басқа
Хан тойында несі
бар?!
Ашуланса егер де,
Қайта берсін үйіне.
Сөзімді ұққан
адамдар,
Ақ маңдайда орай бар,
Ақ қалада сарай бар.
Ұлы барға орын бар,
Қызы барға қымыз бар.
Ұлсыз, қызсыз қу
басқа,
Жиналған мұнда кәрі,
жас
Хан қасына қайрылып,
Орын алмаққа талай
бар.
Естіген соң бұл
сөзді,
Нәрікбай салды
ойбайды.
Қапаланып алыстан,
Алғыр құстай
байланды.
Атаңа нәлет Әліби,
Қуып, сабап баршасын,
Хан тойында қоймайды.
Сол уақытта Нәріктің
Реңі неше құбылды.
Әжептәуір кісі еді,
Талқан болып, жын
ұрды.
Суырып алып қылышын,
Сабаға қарай жүгірді.
Жан салып жетіп
барады,
Сабаларды жарады.
Ақ көбігі бұрқырап,
Шашылып қымыз қалады.
Өмірі өксіп бұл іске,
Қөзінің жасы тарады.
Көңілі қатты басылып,
Қапа болды Нәрікбай,
Хан тойында
болмастан,
Ауылына қарай салады.
Сол уақытта жақсылар,
Құлқаныс атты бәйбіше
Қаракөк тонды
жамылып,
Сыдыра түйме тағынып,
Көрмесе қалар
сағынып,
Жарынан басқа кімі
бар,
Алтайыдай қылаңдап,
Арғымақтай сылаңдап,
Келе жатқан Нәріктің
Алдынан шықты
бұлаңдап.
Құлқаныс айтты
Нәрікке:
– Тойдан ерте
қайтыпсыз,
Келдіңіз демде
нағылып
Азарланған кісідей
Қабағың төмен
салынып?
Ханнан зорлық көрдің
бе?
Сияғыңды көрген соң,
Кетті ғой зәрем
жарылып.
Тойға барып келгенше,
Сізді аман көргенше,
Болды қандай заман
деп,
Үйде отыр едім мен
байғұс,
Бір құдайға жалынып.
Бұл сөзді айтып
Құлқаныс,
Жылады сонда қамығып.
Нәрікбай сонда
сөйледі,
– Жақсы айтасың,
Құлқаныс.
Кішкенемнен алғаным,
Алаша төсек салғаным.
Айта берсем таусылмас
Ішімдегі арманым
Арман емей немене,
Бір тұяқсыз қалғаным!
Баланың жалғыз
жоғынан
Хан тойына бармадым.
Ойланып көрсем,
Құлқаныс,
Бекер екен жалғаным.
Малға айналып
жасымнан,
Асқан екен бейнеті.
Шаршы топтың ішінде
Басымнан түсті
зейнетім.
Бір перзентке зар
қылды-ау
Жаратқан жаппар
құдіретім!
Егесіз қалар
мал-мүлкім,
Бір күні жетсе
нәубетім.
Мұның несін сұрайсың,
Сорлы болған
Құлқаныс?
Хан тойына бармадым,
Жоқ болған соң
перзентім.
Ізін алар қызым жоқ
Сәукеленің шоғынан.
Әлібидің сөзі өтті
Мылтықтың жама
оғынан.
Бұл дүниеде сорлы
екен
Ермеген перзент
соңынан.
Қиын екен, амал жоқ,
Тұрмаса желі оңынан.
Жаратқан игем
жарылқап,
Бере қойса бір бала,
Болар ек біз де
солардай.
Аузынан сүйіп,
қолынан!
Жарылқай қалса Құдайым,
Отырмас едік біз
жазған
Жиіркеніп оның
боғынан.
Келдім қайтып мен
тойдан,
Бір перзенттің
жоғынан.
Ұлсыз адам қор екен,
Қызсыз адам зар екен.
Ұлсыз, қызсыз Нәрікке
Кең дүние тар екен.
Жас күнінде жігіттің
Қызыл гүлі бар екен.
Баласыз тойға бармаған
Басына қорлық, ар
екен.
Жинаған иесіз дүниең
Далаға біткен мал
екен.
Айналайын Құдай-ай,
Мүсәпір біздей
ғаріпті
Ескерер күнің бар ма
екен?
Нәрік сонда сөйледі:
–Дүние жиып не
етемін,
Жауап берсең,
Құлқаныс.
Мен Мекеге кетемін!
Жылап жүріп, Алладан
Бір перзент тілеп
өтемін.
Жарылқаса Жаратқан,
Мұратқа сөйтіп
жетемін.
Құлқаныс сонда
сөйледі:
–Екеуміз бірдей
жыласақ,
Жарылқар ма екен Құдайым?!
Жетісіп жүр ғой
деймісің,
Менде де көп уайым.
Елуге жасым келгенше,
Жылатып қойды
өлгенше.
Жаратқанға білмеймін
Неден болды күнәйім?
Айдын туған Әліби
Бір күні мінер атыңа,
Ісін істер батыра.
Малыңа салар құрықты,
Басыңа салар сырықты.
Қой дейтұғын ер
қайда?!
Жанашыр бізге пенде
жоқ,
Ағайын жатыр
шалғайда.
Ертең ерте тұрмасаң,
Қынай белді бумасаң,
Үйде отырған кісіге,
Тегін жерде мал
қайда?!
Байға малай жүргенде,
Күшін кәсіп қылғанға,
Асығып Құдай ұрғанға
Он екі ай бітпей жыл
қайда?!
Отырған жері тар
болған,
Көңілі қара жер
болған,
Саңлау жоқ сорлыға
Жарық ай мен күн
қайда?!
Сатуға малын қимаған,
Қасына қоңсы
сыймаған,
Малдан нәпсі
тыймаған,
Шығымы жоқ байларға
Сатып алмай құл
қайда?!
Әулие қоймай
кезбесек,
Тыныштықты көздесек,
Малдан күдер үзбесек,
Сендей, мендей
бейбаққа
Тегін жерден ұл
қайда?!
Нәрікбайды құдайым
Есепсіз малға бай
қылды.
Тарыққан емес
жасынан,
Төрт түлікке сай
қылды.
Құлқаныстың зарына
Қырық үй тама
қайғырды.
Шеніне дұшпан келер
ме,
Есіл ер болса
айбынды?!
Әулиеге жүрмекке,
Ақ жолына кірмекке,
Тоқсан тоғай жылқыдан
Ұстады Нәрік айғырды.
Дария тасып, су алса,
Кетеді көлдің құтаны.
Қаһарлы тоқсан қатты аяз
Тоңдырар тоны жұқаны.
Сиырларын аралап,
Семізінен саралап,
Әулиенің жолына
Ұстады Нәрік бұқаны.
Қолына алып асаны,
Басына киіп дәстарды*
Көкірек толы санаға,
Көзіне тола жас
барды.
Жалаңашқа той беріп,
Тойындырды неше
аштарды.
Құдай ісін оңдаса,
Бір жолға Нәрік
бастады.
Қойдың ішін аралап,
Айырды Нәрік
қошқарды.
Нәрікбай және
сөйледі:
– Жаңа түсті есіме
Аз ағайын-туған
азамат.
Көрсетті қорлық
түрікмендер,
Қиын екен бөтен, жат.
Қазанда жатқан
тамаға,
Есіте ме қылсам дат?
Әліби залым алмаққа,
Қып жүр ғой маған
қиянат,
Жаратқанға тапсырдым,
Жануарым шұбар ат!
Егесіз малдай
қылмаңыз,
Арамға мойын
бұрмаңыз.
Тоқсан тоғай жылқымды,
Көп дүниелі мүлкімді,
Алтайы менен
құлпымды,
Қырық үйлі тама
жолдасым,
Сіздерге қойдым
аманат.
Айналып тағы
келермін,
Сақтаса аман,
саламат.
Жаратқан ием жар
болып,
Әулие қылса керемет,
Жақсы-жаман тірлікте
Не көрмейді адамзат?!
Тамалармен қоштасып,
Құшақтасып көрісті.
Құлқаныстың ақ жүзі
Үр қызындай келісті.
Қыдырмаққа жер жүзін,
Темірден киді
кебісті.
Артып алды түйеге
Неше түрлі жемісті.
Ғаріп пенен ғасірге
Болады барар жол
үсті.
Нәрікбай менен
Құлқаныс
Сусыны еді қант пен
шай
Есінен бәрін шығарды,
Тілегі болып бір
бала-ай.
Үш күн жатып тілейді,
Тілеуін тілеп
жылайды:
«Қолдағайсың, пірім,–
деп
Баһауітдін
Мұқамбет!»
Күндіз тыныштық
көрмеді,
Түнде ұйқысы келмеді.
Ойын-күлкі жыртаңға
Көңілдерін бөлмеді.
Түнейді келіп
ғаріптер
Әзіреті Сұлтанға!
Үш күн, үш түн
болғанда,
Темір де болса
тесілді,
Шыдамады ұлтан да.
Түркістанда түмен
бап,
Сайрамда бар сансыз
бап.
Отырарда отыз бап,
Ең үлкені Арыстан
бап.
Әулие қоймай қыдырып,
Бәріне түнеп, қылды
зар.
Түнесе де бәріне,
Жүрсе де жылап,
зарланып,
Иген жоқ әлі
жаратқан.
Инеліктей ілініп,
Инедей жіпке сүрініп.
Аяғынан әл кетіп,
Табаны тасқа тілініп,
Жіңішкерді жіптей
боп,
Еттері қатты сылынып!
Ауқат жеуге әлі жоқ,
Аш күзендей бүгіліп.
Тәркі қылып дүниені,
Ғаріп жаннан түңіліп,
Екеуара бір есек
Шаршағанда мініліп,
Кей жерде жаяу
жүреді,
Екі етегін түрініп.
Болды әуре жазғандар,
Әулие қоймай қыдырып.
Киімі тозып, кірледі,
Етегін шеңгел
сыдырып.
Тыныштық көрмей
ғаріптер,
Еш жерде тоқтап,
кідіріп,
Жатып тақат қылмайды,
Бір сағат сірә
тынығып.
Айлық жолды басады,
Сапарға әбден
шынығып.
Екеуі бірге жатпайды,
Рақат қылып жылынып.
Соншама көп әулие,
Ешбірінен жазғанға
Болмады аян білініп.
Шаршады әбден
ғаріптер,
Ақылынан ауысты.
Алты айшылық жол
жүрген,
Адыр, белес, тау
үсті...
Тағы да үш күн жол
жүріп,
Зиярат қылып түнепті
Әзіреті қауысты.
Жалғыз-ақ қалды көк
қошқар,
Басқа малды тауысты.
Кезекпе-кезек
жетелеп,
Жолға қадам басысты.
Аяғынан әл кетіп,
Жүзінен қан қашысты.
Қолындағы асадан
Тебендейі қалғанда,
Аяғындағы кебістен,
Инедейі қалғанда,
Неше түрлі азаппен
Қара таудан асысты.
Әр жерде тұрып дем
алып,
Таудан асып басысты.
Өткен соң таудан
далаға,
Даладан арғы салада
Ойдым-ойдым жер
көрді.
Бұл жерлерге
келгенде,
Көңілдері ашылып,
Сол жерде Құдай дей
берді
Суы тұнық айнадай,
Бұлағы тасып
қайнаған.
Басында үлкен
қарағаш,
Моласы жоқ, тамы жоқ,
Көкірегі жалаңаш,
Бір бұлаққа келді
енді.
Бұлақтың арғы
шетінде,
Өзеннің қарсы
бетінде.
Ағаш басына байланған
Ақ қара бас сұр жылан
Шаңдақтап түбінде
ойнаған
Ақ шеңгелге кез
келді.
Сол арада бұлардың
Тыныштық кеуілі
тіледі.
Су ішкелі Құлқаныс
Бұлаққа таман жүреді.
Қатарынан өткізбей,
Иіліп тұрған ақ
шеңгел
Етегінен іледі.
Сүйсініп ішінен
Құлқаныс,
Миығынан күледі.
Елге мағлұм болмаған,
Бұл жерлерге арнаған,
Баба Түкті Шашты
Әзіз,
Білсеңіз бұл Әз еді.
Қосылғанда жар
болған,
Мұсылман кәмбіл пірі
еді.
Бейшараға кез болып,
Сандалып жеткен
уақтында
Жібермей тартып,
кіреді.
Құлқаныс айтты
Нәрікке:
– Шеңгелге
мынау назар сал,
Бір ғажайып жұмыс
бар.
Етегіміздегі шеңгелге
Ырым қып ішім жылып
тұр.
Көкірегім ашылып,
Қуанып көңілім күліп
тұр.
Бір керемет мұнда
бар,
Ақылым менің біліп
тұр.
Осы араға түнейік,
Бір сыр бар, мұны
білейік.
Мұңымызды айтып
жылайық,
Мінәжат аққа қылайык.
Тілімді алсаң,
Нәрікбай,
Қылдық қой сарып
әулие,
Бұл жерде бүгін
болайық.
Нәрікбай сонда
сөйледі:
– Сансырамай,
жүре бер,
Тірлікте кетер
деймісің
Көкіректегі
қайғы-шер?
Бір бала тілеп
зарланып,
Сандық-сандық шаштым
зер.
Қалалы-қалалы әулие,
Атан бердім, ат
бердім,
Бәрінен көңіл, қап
келдің.
Қурап қалған шеңгелде
Не бар дерсің, қу
сорлы?
Баланы тілеп
болғаным,
Түнесең, өзің түней
бер!
Нәрікбайдың сөзіне
Құлқаныс жазған
мұңайды.
Қапаланды қамығып,
Айтқанын Нәрік
қылмады.
Жылайды, қайтсін,
бейшара,
Жат қылып жалғыз Құдайды:
– Осылардан өтпейік,
Түнемей, тастап
кетпейік.
Жібермей тұр ақ
шеңгел.
Етегімнен бұрайды.
Көптің бірі болар да,
Түнесек, неміз
құриды?!
Бұл сөзді айтып
Құлқаныс,
Жалғыз түнеп қалады.
Аяғын буып қошқардың,
Ақ жолына шалады.
Күндіз-түні зарланып,
Тілегені бала боп,
Нәрікбай жалғыз өкпелеп,
Торсаңдай кетіп
барады.
Әудем жерге бармай-ақ,
Аяқ еті талады.
Кереметті әулие
Кісенді шалға салады.
Жата берді Құлқаныс,
Бір құдайға сыйынып,
Қойнына жасы құйылып.
Бір мезгілде
Нәріктің,
Ұйқысы келді бұйығып.
Көзі ілініп кетіпті,
Бұзылған көңілі
тыйылып.
Нәрікбай жатыр
өкпелеп,
Жақтырмай, мойнын
жиырып.
Сол уақытта,
жақсылар,
Саһар* уақты
болғанда,
Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Бар екен аса қолында,
Қаландарлар
зіркілдеп,
Зікір салған соңында,
Бір диуана келеді.
«Жатырсың, балам,
неғып? – деп,
Құлқаныстың бүйірінен
Асамен түрте береді:
«Құдай берер уақты
бар
Қарамай кетті бай
Нәрік,
Мұныңды сенің
жақтырмай.
Торсаңдап тұра
жөнелді
Өкпелеген баладай.
Кісендедім аяғын,
Бармай-ақ жерге
анадай.
Баба түкті Бабаңмын,
Басыңды көтер,
балам-ай.
Сенің үшін, Құлқаныс,
Дарғаһына Алланың
Алты барып, бес
қайттым,
Бесеуінде де бос
қайттым.
Көп жалынып қоймадың,
Осы жолы кеш қайттым.
Кеш қайтсам да бұл
жолы,
Жақсылық күнің
таянды.
Жаппар ием жарылқап,
Берді бір ұл баланы.
Өмір жасы болсын
ұзақ,
Кел, қолыңды жай
енді!
Жалған емес бұл
сөзім,
Көрсеткенім аянды».
Сол уақытта Құлқаныс
Жылап, шошып оянды.
Көңілінде аян боп,
Жәрдем болып
жаратқан,
Ұйқысын ашып оянса,
Мезгілі еді таң
атқан.
Тұр еді сонда қар
жауып,
Күн ашылды қабақтан.
Арсалаңдап жүгіріп,
Асыққаннан сүрініп,
Нәрікбайды іздеп жүр,
Табамын деп қай
жақтан.
Қуанғаннан Құлқаныс
Желе жортып шауыпты.
Аса алысқа бармай-ақ,
Анадай жерден
тауыпты.
– Нәрікбай,
тұрып, киінші,
Етек-жеңді жиыншы.
Бұрынғыдай бос болмай,
Бұл сөзіме сүйінші.
Баба түкті осы екен,
Бір Құдайдың досы
екен.
Өкпелемей бабаңа,
Жүзіңді бермен
үйірші.
Көрсетті маған аянды,
Жақсылық күнің
таянды.
Жаппар егем жарылқап,
Бір ұл берді баянды.
Және де өмірі болсын
ұзақ,
Беріңіз маған сүйінші!
Сол уақытта Нәрікбай
Көкірегі кірілдеп,
Былшықтанып кірпігі,
Көзінің алды іріңдеп,
Жарыла жаздап жүрегі,
Буыны барлық
дірілдеп,
Орнынан қарғып
тұрады:
«Қолдай көр, Тәңірім!»
– деп.
Жасы көзден ағып тұр,
Екі көзі күлімдеп.
«Не түс көрдің,
Құлқаныс,
Айтсаңшы маған
біріндеп!»
Сол уақытта Нәрікке
Құлқаныс айтты
көргенін.
Баба түкті Бабамыз
Түсінде аян бергенін.
Өмір жасы ұзақ боп,
Артынан перзент
ергенін.
Жалған емес, бұл
сөзге
Рас деп көңілі
сенгенін.
«Бұл түсті көріп мен
саған
Сүйінші сұрап
келгенім!»
Нәрікбай айтты сол
кезде:
Олай болса, Құлқаныс,
Бәрі саған сүйінші
Тоқсан тоғай
жылқымның
Көп дүниелі
мүлкімнің,
Алтайы менен
құлпымның!
Аман-есен ел көріп,
Артымнан менің бала
еріп,
Арманым жоқ Құдайға,
Ішінде өлсем
жұртымның.
Сүйіншіге берейін
Қатар-қатар нарымды.
Алдыңа бәрін салайын
Маңдайдағы барымды.
Сұрасаң да Құлқаныс,
Аямаймын, жанымды.
Қабағымды шытпаймын,
Алсаң да ойып
санымды.
Ұлсыздың үні
шықпайды,
Кетірді дұшпан
сәнімді.
Рас болса айтқаның,
Жүрегім менің
жарылды...
Нәрікбай көңілі
тасып, ел іздеді,
Құдайым енді «қу бас»
дегізбеді.
Қуанып көңілдері
тынғаннан соң,
Құлқаныс күннен-күнге
ел іздеді.
Қайтады екеуі де елге
таман.
«Құдайым жеткізгей, – деп, – есен-аман».
Қуанды Құлқаныстың
өсіп іші,
Айдай боп он төртінші
рең, түсі.
Былқылдап тұла бойы
жуан тартып,
Тояды ішпей-жемей
көрген кісі.
Қуанысып ғаріптер,
Елге қарай жөнеді.
Айлар өтіп арадан,
Жақындасып келеді.
Неше уақыт жол жүріп,
Қарасын елдің көреді.
«Келді, – деп, –
Нәрік тамаға!»
Сүйінші сұрап бір
адам,
Қуантып, хабар
береді.
Күдерін үзген
Нәріктен,
Ғаріптер қайтіп
сенеді?
Қуанышты бәрі де,
Болған соң анық
дерегі.
Қуанбай қайтсін,
бейшара,
Бай еді Нәрік
бірегей.
Саңлаққа келгенде,
Артықша берік төре
еді.
Келе жатқан жері
Нәріктің,
Әлі де күндік жер
еді.
Қырық үйлі тама
шуылдап,
Артынан қойдай ереді.
Жақындасып келген
соң,
Бір-бірін аман көрген
соң,
Құшақтасып көрісіп,
Көзінің жасын төгеді.
Нәрікбай сонда
сөйледі:
– Шүкірлік қылғын,
тамалар,
Шуылдасып жыласпа.
Қуанышты хабар бар,
Ешкіммен қайрат сынаспа.
Нелер келіп, не
кетпес
Тіршілікте бұл басқа.
Азды-көпті Құдайдың
Бергеніне, тамалар,
Бендесі шүкір қылмас
па?!
Демей-ақ қойдым «біз
әуре»,
Көрсетті құдай бір
сәуле.
Өтірік пе, рас па!
Тамалар сонда
сөйледі:
– Жарылқар күнің бар
екен,
Жаратқан жаппар Құдай-ай!
Ағайынның аздығы,
Ұстады дұшпан
жағаны-ай.
Басымыз есен, мал
аман,
Кеткелі сіздер
қорадан
Шығын боп өлік шыққан
жоқ
Тышқақ лақ, қотыр
тай.
Көрсетсе Құдай бір
жарық,
Көргеніңіз болса
анық,
Шүйінші десең болмай
ма
Біз байғұсқа
Нәрікбай?!
Сол мезгілде Құлқаныс
Әйелдің болды жуаны.
Жұртына билік қылғандай
Бір батыр ақыр туады.
Құлқаныстан ұл туса,
Сайып қыран ер болып,
Қанменен бетін жуады.
Жерік болды үш айда,
Өтпей-ақ аса уағы,
Табатұғын ер қайда,
Жолбарыстың жүрегін
Жемекке көңілі ұнады.
Қуанышы бар кісідей,
Оң қабағы ұшады.
Жүрегіне түк батпай,
Ішкен асын құсады.
Жерігі қанбай
сандалып,
Сары ауруға ұшырады.
Нәрікбайдай жазғанға,
Ақылынан азғанға:
– Жолбарыстың
жүрегін,
Тауып бер, – деп қысады.
Тағамымды таппайсың
Көңілім кетіп
сағынған.
Сарғайтып мені
өлтірдің,
Жазған шалсың, не
қылған?
Айтқанымды алып кел,
Ертерек барып
жаныңнан.
Көңілімнің тілегі –
Жолбарыстың жүрегі.
Басқамен менің ісім
жоқ
Шекеріңмен, балыңмен.
Мұны естіп Нәрікбай,
Қарс жапты қабағын.
Таппағын қиын көреді
Құлқаныстың тамағын.
«Жоқ нәрсені айтасың,
Қай жақтан іздеп
табамын?
Қиналса да Нәрікбай,
Таппады тағы амалын.
Ойланады жазған шал:
«Қайдан іздеп
табамын?!»
Айбалтасын қолға
алып,
Киеді сауыт-жарағын.
Найзасын алып қолына,
Тоғайдың түсіп
жолына,
Әркімнен сұрап келеді
Жолбарыстың хабарын.
Қалың қамыс тоғайда,
Қоғалы қамыс көл еді.
Білінбеді бұл жерде
Жолбарыстың дерегі.
Аңлаусыз байқалар
деп,
Абайсызда шабар деп,
Қолға алып Нәрік
шақпағын
Шаға-шаға келеді.
Абайлап басып аяғын,
Бұға-бұға келеді.
Баласы адам жүрмеген
Жерұйықтан өтеді.
Түлкі, қарсақ,
жүгіріп,
Алдынан қойдай өреді.
Топ-топ болып ұлысып,
Шулап жүрген бөрі
еді.
Иттің мұрны батпастай
Бір тоғайға енеді.
Бір шеткері қалыңнан
Жүре түсіп шабынған
Бір жолбарыс көреді.
Көргеннен қорқып
Нәрікбай,
Қалтырап шоши береді.
Жуандығы, қараса,
Бесті өгіздің
беліндей.
Аузын ашып есінесе,
Ойылған қалмақ
көріндей.
Жолбарыстан сескеніп,
Нәрікбай тұр көрінбей.
Ойланады шабар деп,
Барайын десе
шегінбей.
Жолатпай тұр қасына
Жолбарыстың айбаты.
Нәріктің неғып дарысын
Алыстан қылған
қайраты?!
Қасына жақын бара
алмай,
Ешбір амал таба
алмай.
Пірлеріне сыйынды,
Ғаріптің келмей
қуаты:
– Ал өзіңе сыйындым,
Әуелі Құдай,
құдіреті!
Мүсәпір мендей ұлыңа,
Жаратқан Алла құлына,
Жаратқан Алла, рақым
ет!
Үмметім деп қолдай
гөр,
Құданың досты
Мұхаммед!
Он екі имам, төрт
шәрмен,
Сыйындым сізге, бер
медет!
124 мың пайғамбар,
Отыз үш мың сахаба,
Тоқсан тоғыз сәруара,
Қылыңыз бұған әрекет
Сексен сегіз мың
машайық,
Жалпы өткен
пайғамбар,
Әліме менің назар
сал,
Әліме сондай керек
ед!
Қайсыбірін білемін
Әулиеден қалған бар,
Тілеймін сізден
күш-қуат.
Ала алмай мұны құр
қайтсам,
Өлімнен қиын
маған-ай!
«Медет бер! – деп, пірлерге
Сыйынып тұрмын
жағалап
Далбасалап мен
тұрмын,
Шеріге* амал таба
алмай
Жаман күнде жар
болған
Баба түкті Шашты Әзіз
Ал енді сізге сыйындым
Қолдай көр, тақсыр
бабам-ай!
Қолынан келер қуат
жоқ,
Мінәжат пірге қылады.
Нәрікбайды көрген соң
Сол уақытта жолбарыс
Орнынан қарғып
тұрады.
Алыстан шауып ақыра,
Жете алмай жолда
құлады
Тілген соң оғы
пірлердің
Өзінен өзі сұлады!
Салмағымен күл-күл
боп,
Қабырғасы сынады.
«Өзі әбден өлсін», –
деп
Бармады Нәрік,
шыдады.
Біраз жатып шыңғырып,
Шерінің жаны шығады.
Өлгенін анық білген
соң,
Ғаріптің көңлі
тынады.
Қашқан жауға қатын
ер,
Әуелі қорқып жылады.
Қуанғаннан, бейшара,
Құдайға шүкір қылады.
Бір жолбарыс себеп боп,
Пірлерін Нәрік
сынады.
Кереметін көрген соң,
Күмәнсіз көңілі
тынады.
Жолбарысқа алыстан
Абайлап Нәрік қарады.
Алыстан-ақ айбаты
Зәресін қатты
шығарды.
Тұлғасынан сескеніп,
Ақыл-естен танады.
Айналақтап алыстан,
Жақындап Нәрік
қарады.
Өлгенін анық білген
соң,
Қасына жетіп барады.
Қолына алып қанжарын,
Іші-қарнын жарады.
Өкпе-бауыр, жүрегін
Суырып былай алады.
Мойын етін сылиды,
Қу жанбасы қалады.
Байлап алып жүрегін,
Қынына салып
қанжарын,
Ауылына салады.
Іздегенін тапқан соң,
Неғып тұрсын кідіріп,
Ауылына қарай шабады.
Бұ дағы пірдің жәрдемі,
Өзінен қуат болмады.
Мұны көріп Құлқаныс,
Шерінің еті бал
татыр,
Қанды көбік тарқамай,
Қазаннан алып жеп
жатыр.
Жерігі әбден қанған
соң,
Жұртқа тұлға
болғандай
Туады анаң бір батыр.
Тыңдасаңыз, жақсылар,
Кезегіменен сөз
келер.
Естігенін құлақтың
Ақырында көз көрер,
Тарығып жүріп жыласа,
Тілеуді Құдай тез
берер.
Құлқаныстан ұл туса,
Ақ жарылқап күн туса,
Әлібидің алдына,
Асықпаса, кез келер.
Жерігі әбден қанған
соң,
Құлқаныс болды көңілі
жай.
«Жеткізе гөр, Құдай!»
– деп,
Қуанып жүрді
Нәрікбай.
Өзге әйелдей болмады,
Көтеріпті он екі ай,
Қимылдады ішінде
Тулағандай асау тай.
Бәйбіше бір күн
білдірді,
Алдына сырық
кұрдырды.
Шыдай алмай толғаққа,
Денесі әбден іседі.
Молдалардан жаздырып,
Ішірткі алып ішеді.
Шаранаға былғанып,
Белгілі жерге жеткен
соң,
Баласы жерге түседі.
«Ұл ма екен, қыз ба? – деп,
Байқады бәрі бұл
істі.
Бала екенін білген
соң,
Қуанып бәрі күлісті.
«Шүйінші!» – деп
қатындар
Бірін-бірі жұлысты.
Ауып келген аз тама
Бәрі де болды ырысты.
Шүйіншіге Нәрікбай
Үлестірді күмісті.
Ішінен кетіп қайғысы,
Көңілдері тынысты.
Жаңа туған жас бала
Айдай жүзі жарқын-ды.
Тигізбейді бетіне
Суық самал салқынды.
«Бесікке енді салсын,
деп,
Атын қойған алсын
деп», – деп,
Алып қойды Нәрікбай
Ат басындай алтынды.
Бәйбіше де қуанып,
Бір Құдайға сыйынды.
Сыйынбаса қиын-ды!
Қапалық кетіп
көңілінен,
Көзінің жасы тиылды.
«Шүйінші ханнан
сұра», - деп,
Бір адамға бұйырды!
Есепсіз қанша
малменен,
Тамалардың адамы
Бас-аяқ бәрі киінді.
Көңілі тасып, қуанды,
Қарахан қатты
сүйінді.
Естіген соң бұл
сөзді,
Әліби жаман күйінді.
Тілеп алған жалғызы,
Ат қоймақ енді
қиын-ды.
Балаға бір ат
қойылмай
Қырық үйлі тама
жиылды.
Біріне бірі қарады;
«Қойсақ бір ат
тиімді...»
Мәслихат қылып
кеңесіп,
Күніменен үйілді.
Сол уақытта,
жақсылар,
Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Бір диуана келеді.
Айқай салып аллалап,
Ауылға қарай жөнеді.
Алып шығып Құлқаныс,
Бір уыс тіллә береді.
Диуанаға назар сап,
Абайлап, аңдап
көреді.
Шырамытып таниды,
Баяғы түсте көргені,
Білсеңіздер сол екен
Баба Түкті Шашты
Әзіз.
Әуелде аян бергенде
Осындай болып кеп
еді.
Ықылас қылған кісіге
Кереметі көп еді.
Көрген соң оны
Құлқаныс
Көзінің жасын төгеді.
Диуана келіп аллалап,
Айналып тұрды қораны.
«Жаңа туған жас бала
–
қай жақта?» – деп
сұрады.
Жүгіріп шығып
Құлқаныс,
Боп еді бұрын көз
таныс
Алып барып баласын,
Етегіне орады.
Қағып-соғып жеңімен,
Айтыпты, күліп
диуана:
Етегінен алады.
«Менің балам болады!»
«Сөзің мақұл, ата», –
деп,
Құлқаныс апа сұрады:
«Қойып атын кетейін
Айбынды туған
Шора-ды!»
Диуананың ісіне,
Нұры тамған түсіне,
Қайран болып тамалар
Біріне-бірі қарады.
Айтып аузын жиғанша,
Ашып көзді жұмғанша
Еш нышаны қалмады
«Әулие ме, жын ба?» —
деп
Ғайып болды диуана,
Көзі көрген халайық,
Қырық үйлі тама
барлығы
Бұған қайран болады.
Сол уақытта,
жақсылар,
Құтты болсын айтқалы
Амандаса қайтқалы,
Қарахан келді —
елбасы.
Ере келді қасына
Бірер жүз кісі
шамасы.
Әлібиден аспады
Қырық мың үйлі
түрікмендер
Келер еді болмаса,
Бәрі бірдей, қарашы,
Араз еді сол күнде
Әліби мен байдың
арасы.
Бұлардың қас боп
жүргені –
Шұбар аттың таласы.
Әліби қылған зорлығы,
Көрсеткен тойда
жарлығы,
Кеткен жоқ еді
көңлінен
Нәрікбайдың жарасы.
Қуаныш болды ақыры,
Көрсе де қорлық о
басы.
Есінен шықты ескіріп
Дұшпаннан көрген
табасы.
Көз жасын көрді Құдайым,
Қабыл болып тобасы.
Айдынды туды ер Шора,
Аман-есен ержетсе,
Әлібидің ақыры
Бір берілер жазасы.
Абырой болды Қарахан,
Сыйлайды өкіл бабасы.
Қосақтап берді жүз
жорға,
Жылқының жақсы
сарасы.
Қара да болса
Нәріктің
Бар еді баста санасы.
Жүзіне жүз ат
мінгізді,
Бас-аяқ таза кигізді.
Ырза боп қайтты
Нәріктің
Ханы менен қарасы.
Бесікке салып
баласын,
Енді Нәрік той қылды.
Бір мереке қылмаққа
Байдың көңілі ой
қылды.
Бір дегеннен қазанға
Он ошақты ойдырды.
Қабыменен мейіздің
Аузын ашып қойдырды.
Бейшара мен ғаріпті,
Жалаңашты тойғызды.
Құтты, сүтті
деместен,
Қойды иіріп,
сойғызды.
Қырық үйді жасатты
Алты қанат ордаға
Асыл кілем төсетіп,
Ішіне саба орнатып,
Не табылмас Нәрікке,
Жоғарғы елді
шақыртып,
Мың жылқы сойды семізден.
Төменгі елге сойғаны
—
Тоқсан түйе болғаны.
Зияпат қылып
келгенге,
Қайтарды Нәрік
олжасын.
Байлықпенен Нәрікбай
Көрсетеді өнерді.
Қуаныш сыймай
қойнына,
Ілгері ісі жөнелді.
Шалқып жатқан ас-суға
Аш-арықтар кенелді.
Жан-жаққа адам
шаптырып,
Шақырды тойға көп елді.
Мінілмеген асаудан
Сойғызды алпыс
дөненді.
Нәрікбайдың дәулеті
Мас қылды тойға
келгенді.
Кемпірлер қыздай
қызарып,
Шалдар да айтты
өлеңді.
Көрмеді ешкім бұл
тойда
«Тоймай қайттық»
дегенді.
Нәрікбайды
түрікмендер
Теңгермеді бойына.
Жатқан байтақ көп
елді
Шақырды Нәрік тойына
Мұны көріп Нәріктің
Әр нәрсе келді ойына.
Секірер арқар
жерінде,
Шақырар бақа көлінде.
Сұңқар болар
күйкентай
Өзінің отан жерінде.
Қорлық көрді
Нәрікбай,
Кісінің жүріп елінде.
Бай, бәйбіше екеуі
Көңілдері қамығып,
Терілері тарылып,
Ойлады елді сол
күнде.
Сойып еді сиырдан,
Қарасымен иіріп,
Адам қайда жейтұғын,
Еті қалды үйіліп.
Елі түсіп ойына,
Қапа болды Нәрікбай,
Қабағы тастай
түйіліп!
Іші толды тұманға,
Көңілі жаман күйініп.
Айналдырған аз тама,
Артылып қалған
тамақты
Алты ай жеді жиылып.
Шұбар атты шалмаққа
Әліби жүр оқталып.
Ұстай алмай қайтыпты,
Жылқысына көп барып.
Жақындатпас жануар,
Өзін-өзі сақтанып.
Қамалып қысып
келгенде
Жеткізбейді шұбар ат,
Қуса да түрікмен
аттанып.
Қайтыпты жаяу
түрікмендер,
Ара жолда ат қалып.
Теуіп, тістеп
нешеуін,
Кеткен екен жатқызып.
Адырайып Әліби,
Аз ғана үйлі тамаға
Қалай да зорлық етіп
жүр,
Жеткесін әлі
мақтанып.
Көрген адам таң қалар
Жас баланың түріне.
Екі беті албырап,
Ұқсайды бақтың
гүліне.
Көрген кісі көрсем
деп,
Жығылады екен жүзіне.
Атқа мінсе ер Шора
Таманың жарар күніне.
Бір жыл өтіп арада,
Мойны қатып келеді,
Сүйегі өсіп күніге.
Салады құлақ аңғарып
Ата-ананың сөзіне.
Көрген адам тоймайды
Жас баланың түсіне.
Алтын бесік сықырлар
Шіренгенде күшіне.
Тимесін деп көз бен
тіл,
Көрсетпейді кісіге.
Апыл-тапыл жер басып,
Кіріпті Шора үшіне.
Шұбар атты алмақшы,
Әліби жетсе сертіне.
Шора табар дауасын
Көңіліндегі дертіне.
Әркім ашық баланың
Падишадай көркіне.
Ата-анасы қоймайды
Ойнарға шығып еркіне.
Кіріпті Шора төртіне,
Жалғызбын деп, жаспын
деп
Алмайды Шора есіне.
Әр қиялды ойлайды,
Күннен-күнге есіре.
Құдай қуат берген
соң,
Тартынсын енді
несіне?!
Асығып асық ойнайды,
Қораның шығып төсіне.
Аман-есен, жақсылар,
Кіреді Шора бесіне.
Талап қылды әр іске,
Ақ сұңқардай талпына.
Жолбарыстай тұлғасы,
Ерлердің тартып
салтына.
«Сүйенетін кім бар?»
- деп,
Қарамайды артына
Несіне тұрсын
тартына?!
Бала да болса қадірлі
Аз ғана үйлі халқына.
Аман-есен арада
Кіріпті Шора алтыға.
Қарамайды ешбір жан
Ер Шораның бетіне.
Қабырғасы қатқан соң,
Сүйегі әлі жетіле...
Ойламайды жүрмін деп
Бөтен бір ел шетінде.
Жібектен басқа
кимейді
Батады деп етіне!
Тал шыбықтай бұралып,
Жетіпті Шора жетіге.
Айдынды туған Шораның
Қайтпаған беті өр
еді.
Жолбарыстай тұлғасы,
Артықша туған бөрі
еді.
Қорықпайды ешкімнен,
Қайратына сенеді.
Олай-былай қарады,
Сұңқардай көзін
салады.
Қарсы алдына қараса,
Сол уақытта Нәріктің
Ауылына алты төбе
еді,
Тай шаптырым жер еді.
Есебі жоқ ойнаған
Мың баланы көреді.
Мұны көріп ер Шора,
Нар тайлақтай
тайраңдап,
Төбеден түсіп жөнеді.
Келе жатса, жолында
Қанатын шашау
жаймаған,
Қорқынышты кісідей
Бұғып қарап бойлаған,
Қасындағы қырық үйдің
Қырық баласы көреді.
Аман-есен айтысып,
Бұларға сәлем береді.
Бұларға Шора сөйледі:
– Ал, қырық бала,
қырық бала,
Көпке неге бармайсың?
Қосылмай неге оларға,
Өз алдыңа ойнайсың?
Қызықты тәуір
көрмесең,
Ойынды неге
қоймайсың?
Қорқынышты кісідей
Бұғып қарап
бойлайсың.
Жан-жағыңа алаңдап,
Бөріден үріккен
қойдайсың.
Өз алдыңа бөлініп,
Не қиялды ойлайсың.
Бүйтіп жүріп,
жазғандар,
Ойынға, сірә,
тоймайсың.
Қырық бала сонда
сөйлейді:
– Жақсы айтасың,
Шоражан,
Сен едің біздің
бегіміз.
Тыңдасаңыз, мінеки
Біздің айтқан
сөзіміз:
Адырайып тұрмаңыз,
Көріп қояр мың бала,
Берегірек келіңіз.
Мың балаға біз
барсақ,–
Күнде таяқ жеуіміз.
Көніп жүрміз
зорлыққа,
Аз болған соң еліміз.
Болмаса біздің,
Шоражан,
Кем бе еді
ата-тегіміз?!
Айналайын Құдай-ай,
Қайтарар заман болар
ма
Мың баладан кегіміз?!
Жалған емес, Шоражан,
Сөзімізге сеніңіз.
Бүйтіп жүріп
қорлықпен,
Көрейік қызық нені
біз?!
Мың балаға біз
барсақ,
Асықты тартып алады.
Жүйесіз қылып
зорлықты,
Шекеге тамыр салады.
Ойылады төбеміз.
Тірідей қорлық
көреміз,
Жұдырықтың астында
Көз жылтырап өлеміз.
Алшы тұрса –
бермейді,
Бүге жатса –
бермейді.
Ойнамай бізді қалар
деп,
«Сенікі омпа, кел, –
дейді, –
Иіріп бәрі қалады,
Асықты енді иір»,-
дейді.
Тұра қалса бір омпа,
Асықты сүйіп біреуі,
Оны да жұлып алады.
Сөйтіп, қорлық
көреміз,
Алдына қайтіп
барамыз?!
Ойыны құрсын,
Шоражан,
Қорлығы өтіп барды!
Мыңы бірден ұмтылса,
Зәремізді алады.
Қырық баланың аузынан
Ер Шора мұны есітіп,
Ашуланып қалады.
Балаларға қарады,
Басына тұман орнатып,
Қар жауғызды
қабақтан:
– Дәндеп қапты мың
бала,
Жасқаншақ қылып
таяқпен.
Жанды мақұлық жәндік
те
Әмірсіз жанды
таламас.
Тауыпты олар жейтұғын
Сүйек пен етті қаяқтан?!
Асықпаса, мен барып,
Тоздырайын аяқтан.
Бұл қорлыққа
көнбеспін,
Мені Құдай жаратқан!
Мың балаға кідірмей
Енді сендер барыңдар.
Ортасында тақырдың
Ойынға қадам
салыңдар.
Баяғысын бастаса,
Кешікпей мен де
келейін.
Жүйесіз қылған
зорлықты
Көзімменен көрейін.
Келгендей болса
қолымнан,
Теңдікті алып
берейін.
Жәрдем берсе
жаратқан,
Өзімді көпке теңейін.
Егер де әлім келмесе,
Бұл қорлықтан
жөргекте
Жан болмай-ақ өлейін.
Жұртым үшін
құрбанмын,
Жанымның қамын
жемейін.
Бұл сөзді айтып ер
Шора,
Ауылға қайтып шабады.
Шыдамады оның ашуы,
Ешкім қарап қалмады.
Шығып кетті долдығы,
Екі көз оттай жанады.
Бұл сөзбенен қырық
бала
Мың балаға барады.
Ортасында тақырдың
Ойынға асық салады.
Бұрынғыдай
қорықпайды,
Бел көтеріп қалады.
Арқасымен Шораның
Бәрі де шері болады.
Қырық бала сонда
сөйлейді:
–Түрікменнің мың
баласы!
Анау-мынау демеңдер,
Әңгімені көріңдер,
Ойнасаңдар, келіңдер.
Алшы тұрса – біздікі,
Тауа тұрса – біздікі,
Бірақ омпа – сіздікі,
Бұл ойынға көніңдер.
Кезек екі, тәңірі
бір,
Бізге де нәубет
беріңдер.
Талай асық алдыңдар,
Берген емес тегін
жер.
Бұл сөзді есітіп мың
бала,
Жабылмаққа елеңдеп:
«Айналдырған қырық
бала,
Дем аласың неден? –
деп,–
Бүйте берсең,
жазғандар,
Ойылмай ма төбең?!» –
деп
Бір шанаққа асық сап,
Шекесін тыр-тыр
қасылап,
Ішінен шығып Жанбай
таз,
Көп баланың ішінде
Арқалап жүр шанашын.
Шүйдесі шығып
көнектей,
Ойы тасып желектей,
Балалардың ішінде
Қалдырмай жүр
шанашын.
Шамасы, қырықта сол
күнде,
Көтере алмай
шөмеңдеп,
Асық үшін тырысып,
Әр баламен ұрысып,
Шаршады, жазған,
көлеңдеп.
Жығылады әр жерге,
Сүрініп кетсе
тереңдеп.
Біраз ойын қызысты,
Бұзықтар ойын
бұзысты.
Дәндеп қалған мың
бала
Баяғысын қылысты.
Зорлығына шыдамай,
Қырық бала да тырысты.
Мың баладан қырық
бала
Шошынбастан ұрысты.
Кекіліктей тебісіп,
Бөденедей жұлысты.
Жылжып аққан
бұлақтай,
Шекеден қандар
ағысты.
Нешенің басы жарылып,
Бірнеше қолдар
сынысты.
Бірін-бірі қуалап,
Олай-бұлай жүрісті.
Жан көрінбей
көздерге,
Бастады қырын бір
істі.
«Өлеміз,– деп,–
жеңілсек»,
Ар көреді тұрысты.
Өзінің қайран, күші
жоқ,
Жанжалменен ісі жоқ,
Шашылып қалған
асықтың
Бәрін теріп алып жүр,
Шанашына салып жүр,
Балалардың бәрінен
Жанбай таз болды
ырысты.
Бағанағы ер Шора
Ашуланған бойымен
Ауылға қарай барады.
Қайыс құрық қолға
алып,
Жылқыға қарай шабады.
Қызып кетті долданып,
Қарары ешбір қалмады.
Көтеріп найза
қолымен,
Желі тұрып оңынан,
Асықса да ер Шора,
Кешігіп қалды
жолынан.
Ұстатпады бір жылқы,
Қуса да қанша
соңынан.
Ұстай алмай ешбірін,
Көп жылқының тобынан,
Батыр Шора торықты.
Арық та болса
мінбекші,
Таңдаған жоқ шонықты.
Арсалаңдап алқынып,
Әбден қапа болыпты.
Сол кездерде ер Шора,
Басы аспанға қараған,
Бауырынан жараған,
Барыстай құйрық
тараған,
Мойны алтын талықтай,
Піскен алма сабақтай,
Қасиетті қалы бар,
Неше түрлі жалы бар.
Тұлғасы бөлек көп
аттан,
Бір шұбарға жолықты.
Шұбарға Шора
таңқалып,
Қайран болып қалады.
Ұстаймын деп ұмтылып,
Қасына жақын барады.
Мұны көріп шұбар ат,
Қашайын деп қамданып,
Құлағын тігіп қалады.
Сыртына құйрық
салады.
Одағайлап осқырып,
Адырайып қалады.
Желе жортып желектеп,
Аяғын дақ-дақ басады.
Ұстайын десе ұмтылып,
Жер, су баспай
қалады.
Егер шықсаң алдынан,
Арандай аузын ашады.
Артына шықса —
тебеді,
Батырың қатты сасады.
Ыза болып ер Шора,
Көзінің жасын шашады.
Шора сонда сөйлейді:
– Жамандатқыр көп
жылқы,
Ұстатпадың ешбірің.
Қорлығы өтіп барады
Қастасып жүрген
өштінің.
Мен жасымнан қалдым
ғой,
Болып тұр көңіл жас
әлі,
Болмай ма қалып
кешқұрым,
Жүрсің бе тыңдап
сөзімді?
Айналайын шұбар ат,
Басқа аттан гөрі,
қарасам,
Тәуір екен кескінің,
Ісін қылма осқырып,
Дөнен өтіп, бестінің.
Танымайсың егеңді,
Жаңа талап өспірім.
Мұны есітіп шұбар ат,
Қайта қарап тұрады.
Иісін алып Шораның,
Артына мойнын бұрады.
Болмаса деп
түрікмендер,
Аңғарып әбден,
сынады.
Таныған соң егесін,
Оқыранып шауып кеп,
Қойнына басын тығады.
Түрікменнен көрген
қорлықты,
Істеген молдап
зорлықты
Айтуға, шұбар, тілі
жоқ,
ЬІмымен шағып,
жылады.
Ұстап алып ер Шора,
Арқа, басын сылады.
Алтын сұлу жиренді
Ал енді сипап ұрады.
Қарғып мініп үстіне,
Шұбардың басын
бұрады.
Алды-артына қарамай,
Атының басын төгеді.
Бесін боп қапты
қараса,
Жылқыға түсте кеп
еді.
Қырық балаға бағана
Барамын жылдам деп
еді.
Келе жатқан жолы
Шораның
Адыр-адыр төбе еді.
Ылди-төмен сырғытып,
Төбеге шыға келеді.
Олай-былай қарады,
Сұңқардай көзін
салады.
Қарсы алдына қараса,
Болып жатыр тамаша,
Қылмаған ешкім араша.
Тамалардың баласы
Жүзге біреу тимейді.
Түрікмендерді санаса,
Әрқалай олар илейді.
Тек жүрген жоқ сөйтсе
де,
Қашып ұрыс қылып жүр.
Миы қатып қырық бала,
Біріне-бірі адаса,
Шетке қашып шығып
жүр.
Жабылып түрікмен
сабаса,
Қашқанмен қайда
құтылар,
Жан-жағынан шуылдап,
Мың бала бірден
қамаса?!
Бұл ұрысты көрген
жоқ,
Ер Шора енді құтырды.
Ақ білегін сыбанып,
Ақ тұйғын құстай
құнтиды.
Қамшыны басып
шұбарға,
Ылди төмен ұмтылды.
Етек-жеңін қайырып,
Құс телпегін жапырып,
Майданға жетіп
барады.
Алғаш келген баланы
Құрығымен сабады
Екінші келген баланы
Тақымға басып алады
Үшінші келген баланы
Жұлып алып ер Шора
Бірімен-бірін шоқпар
қып,
Қырып кетіп барады.
Ақ тақырдан өткізбей,
Аққалаға жеткізбей,
Ер Шора мен қырық
бала
Тегіс қырып салады.
Мұны көріп Жанбай таз
Бір қасып алды шекесін
Қоятұғын кісі емес,
Таныды Шора көкесін.
Қашпағына ыңғайлап,
Көздеді жолдың
төтесін.
Ақ шанасын тастамай,
Түспестей белін
шандыды.
Құстан қорыққан
шөжедей-ақ,
Борбайына саңғыды.
Шыбын жанның тәттісі,
Жанына қатты батқан
соң,
ЬІршып-ыршып қарғиды.
Кіреріне жер таппай,
Ер Шораның айбаты.
Жердің жүзін тар
қылды
Сасқанынан сандалып,
Адасып әбден
қаңғырды.
Сол уақытта Жанбайдың
Шекпені жаман
жалбырап,
Қашып бара жатқанда
Түсіп қалды кепеші,
Аппақ болып алыстан
Жарқырап айдай
төбесі.
Жарап жүрген үлектей
Салынып кетті өңеші.
Барса да адам болмайды,
Жарылып кетті көбесі.
Тайраңдап жүрген
сорлы таз,
Басына күн туған соң,
Қабақтай ұшты денесі.
Бар асығы шашылып,
Тазды құдай ұрады.
Шораның даусын
есітіп,
Шырқырап жаны шығады.
Ойлау жерде жазылып,
Қырлау жерде бұғады.
Жеткенінше қалаға,
Жер-жаһанды
күңірентіп,
Шапаттап санын
қамшылап,
Жарғағы қатып бұтына,
Өліп-өшіп, зорғадан
Қаланың жетті шетіне.
Жылан қуған кісідей,
Жан қарап болмас
бетіне.
Еш адамға бұрылмай,
Ордаға кірді өкіре.
Отыра кетті ентіге,
Шанашын қойып астына.
Қуараңдап, шұнақ таз,
Ақыры жетті ниетіне.
Ханға айтады Жанбай
таз: –
– Тыңдасаңыз, тақсыр,
– деп,
–Көтерсеңіз назымды.
Мен айтайын арызымды,
Осынша көпке егесіз,
Зорға жеттім асығып,
Асығым кетті шашылып.
Бір баспақ кетті
шығынға,
Құдай ұрды тазыңды.
Бөктергіге ілдірдім
Сұңқар, үйрек,
қазымды.
Бір төбетке талаттым,
Айналайын биеке,
Өңшең жүйрік тазымды.
Нәрікбайдың Шорасы,
Таманың құзғын
баласы,
Аман-есен ер жетсе,
Түрікмендер, көрің
қазылды!
Шыбын жанның
тәттісі-ай,
Бауырым жаман жазылды
Мен кісіні танысам,
Тамаға аруақ бұрылды.
Ақ тақырды қан қылып,
Мың бала тегіс
қырылды.
Әліби, енді сен
өлдің,
Ала алмас түрікмен
құныңды.
Мынау Шора ер жетсе,
Айтпады деме, Әлеке,
Күң қылады қызыңды,
Құл қылады ұлыңды.
Ақырайып, Әлеке,
Аламын деп ең
шұбарды,
Нәрікбайдың Шорасы,
Сорыңа құдай шығарды.
Әлің келсе, амалдап,
Ер жеткізбей Шораны,
Қалдырмай күзге,
Әліби,
Қоныстан қу бұларды.
Мына Шора ер жетсе,
Қалаға толар қосыны.
Менің айтқан сөзім
шын,
Болмайды деме осыны.
Тұлымдыңды тұл қылып,
Он мың үйіңе бір
берер
Қылды бақыр мошыны.
Іс болады бағыңа,
Хан болып шығар
тағыңа.
Ығысар бір
түрікмендер
Аман қалар жағына.
Асықпасаң, Әліби,
Жетеді жәбір жаныңа.
Ие болар жеріңе,
Бек болар түрікмен
еліне,
Сабанды тығар теріңе.
Күйіңнен енді
түсерсің,
Нан пісер еді деміңе.
Атқа мінсе ер Шора,
Жұртыңа салар
бүлікті,
Теріс кетер оң ісің.
Азды-көпті елемес,
Шабатұғын жолбарыс,
Мен түрінен шошыдым!
Тұрмаймын, енді
кетемін,
Қарахан берсе жол
қаржы.
Айтып-айтып бұл
сөзді,
Жанбай батыр құлады.
Аяқ-қолы сереңдеп,
Ұзынынан сұлады.
Жарылған екен жүрегі,
Тазды Құдай ұрады.
Лық етіп жаны шығады,
Ақыры өліп тынады.
Мұны көріп Әліби,
Қабағынан қар жауып,
Жан-жаққа бетін
бұрады.
Ашуланып ханына,
Даусын қатты шығарып,
Былай жауап қылады:
– Қылайын десем
тамаға,
Қоймаушы едің ырқыма,
Болыпсың құтты
жұртыңа!
Сыр алдырып, дұшпанды
Айналдырдың сыртыма.
Ашуланып Әліби,
Сөйледі ханға
жұлқына:
– Хан емессің,
қатынсың,
Қатыннан жаман
отынсың!
Мың балаңды қырдырып,
Неғып тірі отырсың?!
Сол уақытта
түрікменнің
Күңіреніп кетті
қаласы.
Мың баласы шуылдап,
Ата менен анасы.
Қаһарланып Әліби,
Тамаға болды барасы.
Тоқтатуға Қарахан,
Келмейді оған шамасы.
Қолынан келсе, Әліби
Алмақшы басын Шораның.
Неғылып тұрсың
түрікмендер,
Қырылды мың баласы.
Қайсысына берер бақ,
Әруақ болар кімге
жақ?
Әліби менен Шораның
Таласы болды шұбар
ат.
Кімге төтеп бергендей
Айналдырған қырық
үй?!
Құдайдан қуат
болмаса,
Тамалардан кетті күй.
Шораның басын
алмаққа,
Шұбарға кұрық
салмаққа,
Қырық жігітті ертіп
ап,
Жүрмекші болды Әліби.
Қару-жарақ қолға
алып,
Үстіне сауыт киеді,
Ат құйрығын түйеді.
Ұстады жаман долдығы,
Қаһары қатты би еді.
Қолынан келсе
алмаққа,
Тамаларды қырмаққа,
Көргелі күшін
Шораның,
Әліби енді жөнеді.
Әміріменен Әлекең
Қырық жігіт шықты
айдалып.
Қаһарға қатты
мінген-ді,
Теріске көңілі
айналып.
Асынғаны ақ болат,
Жанына садақ
байланып.
Тілләдан сауыт
бөктеріп,
Алтыннан қалқа
төңкеріп,
Сәулетпенен Әлекең
Қаладан шықты
сайланып.
Қолынан келсе, Шораға
Қылмаққа бір іс
ойланып.
Қараханның, жақсылар,
Жоқ еді, сірә,
қастығы.
Бір-бірін ата-бала
деп,
Нәрікке бар ед
достығы.
Тоқтатып, биді
басарға,
Қараханның жастығы
Тиіп еді көңіліне.
Әлібидің мастығы,
Әлібидің әлі асса,
Шораға жақын таянды.
Дұшпандығы ежелден
Қараханға аян-ды.
Зорлығына ісінің
Көңілінен шайтан жай
алды.
Өзінің қылып
достығын,
Дұшпанның айтты
қастығын.
Шораға хабар бермекке
Қарахан қылды қиялды.
Қаласында бар еді
Ханға жақын жасауыл.
Жасауылдың аты екен,
Қара кисін бек ауыл.
Елдестірген ел еді,
Ерегіссе екі ауыл.
Жасауылды шақырып,
Хан қасына алыпты.
Еш адамға білдірмей,
Құлағына салыпты:
– Әліби кетті ашумен,
Бүлдірер, – деді, –
Нәрікті.
Тыныш қоймас ол залым
Ауылға келген
көрікті.
Кетті басып азуын
Баласына кәдік-ті.
Өтірік деп ойлама,
Бұл сөзім менің
анық-ты.
Нәрікбайға сәлем айт,
Аяр деп ойға алмасын.
Есіркемес ол залым
Басына киді қарасын.
Қолынан келсе, Әліби
Құртып кетер шарасын!
Тарту қылсын шұбарды
Есіркесе Шорасын!
Баласына бір қатер,
Басына оның төніп
тұр,
Нәрікбай ғапыл
қалмасын!
Не болады мал шіркін,
Аямасын шұбарды.
Жазым қып алар жазған
шал
Өлгенде көрген
баласын!
Егер де келсе
қолынан,
Бұл айтқанды қылмаса,
Бір істі Шора
бастасын.
Ханы бар деп артында,
Менен қорқып,
саспасын.
Шамасы келсе, ер Шора
Әлібиді өлтіріп,
Сыртынан атып
тастасын!
Менменсіген доңыздың
Басына кебін
жастасын.
Сау қылмасын торайын,
Тоңқайтсын әуел
шошқасын.
Қырық жігіттің
біреуін
Үйірге тірі қоспасын.
Сыйламас мені ханым
деп,
Неғылсын жұрттың
басқасын.
Бұл сөзді айтып
Қарахан,
Жасауылға мінгізді
Қанатты қара
жорғасын,
–Жылдамырақ бара көр,
Біліп қойса Әліби,
Тағы бір бәле
болмасын.
Бір Құдайға тапсырдым,
Әулиелер жар болсын,
Әруақтар қолдасын!
Ағып кетті жануар,
Қоя берді ол басын,
Әлібиге көрінбей,
Алыстап судың
жағасын.
Жанар желдей еседі,
Табаны жерді теседі.
Әлібиден ілгері
Тарта барып жасауыл,
Қырық үйлі тамада
Нәрікбайдың аңғарған
Алты қанат ордасын.
Сөйлес қылды кідіріп,
Ақ көбікке шомылған
Атының сүртіп көз,
басын.
Қырық үйлі тама сол
уақыт
Зәресі кетті
бәрінің,
Қырылған соң мың
бала.
Асығысып кеп тұрған
Жасауылды көрген соң,
Қайтерін білмей,
сасып тұр.
Қара тиіп бек ауыл,
Ер Шораны көреді.
Алдынан шығып ер
Шора,
Тілдесіп, жауап
береді.
Жолбарыстай тұлғасы
Көрген соң жаны
енеді.
Дәс айтар деп әр
жауға,
Көңіліне бұл ой
келеді.
Кеудесі зор жауырынды
Төсі қайқаң ер еді.
Сүйегі қара болса да,
Түсі келген төре еді.
Аман-есен айтысып,
Сәлемдесіп болған соң
Жасауылға ер Шора:
–Жол болсын енді, –
дер еді.
Жасауыл сонда
сөйледі:
– Әлей
болсын, Шоражан,
Нәрікбайдың досы екен
Жұрт иесі Қарахан.
Бір тентектік
қылыпсың,
Мың баланы қырыпсың.
Ашуланып Әліби
Шықты сізге қаладан.
Қосын жиды
түрікмендер,
Құн алғалы тамадан.
Әлібиге берсеңіз
Шұбар атын қалаған.
Одан кейін ешнәрсе жоқ,
Бас аман да, мал
аман.
Бұл айтқанды
қылмасаң,
Қан төгілер арадан.
Ханның айтқан сәлемі:
«Берсін, – деді, –
шұбарды.
Атқа бола Нәрікбай
Айрылмасын баладан!»
Атқа мініп Әліби,
Қырық жігітпен
келеді.
Шұбар атты берсеңіз,
Не десе де көнеді.
Тоқтата алмады
Қарахан,
Тентек туған неме
еді.
Одан басқа ойы жоқ,
Жеңсе – сізді
өлтіріп,
Аспаса күші – өледі.
Бәрін айтты
қалдырмай,
Қарахан сөзі көп еді.
Бұл сөзді айтып
жасауыл,
Атынан өзі түскен
жоқ,
Асығыстап жөнеді.
Бұл сөзді естіп ер
Шора,
Буырқанды, бұрлықты.
Қылайын деп ойлады
Әлібиге сұмдықты.
«Бергейсің, – деді, – Құдайым
Дұшпаным еді бір мықты!»
Қабағынан қар жауып
Нәріктің көңілі
қамықты
Айбынды туған ер Шора
Шұбарға ұрды сулықты.
«Қайтіп қашып жүреді
Кісідей қылған
ұрлықты!»
Мінәжат қылып,
бейшара.
Бір Құдайға зарлайды.
Хабарын естіп Әліби,
Қарауыл Шора
қамдайды.
Жалғызбын деп, жаспын
деп
Ойына ешбір алмайды.
Қорыққаннан қалтырап,
Қырық үйлі тама
сандалды,
Уайымменен сарғайды.
Нәрікбай сонда
сөйлейді:
–Қой, шырағым,
Шоражан,
Атқа мініп не етесің?
Есіркемес ол залым,
Өзіңді набыт етесің!
Қабырғаң әлі қатқан
жоқ,
Арманда өліп кетесің!
Әлібиге шұбарды
Тарту қылып қалайық.
Жеткізер малдың
өтесін,
Неше рет өзім көріп
ем,
Қайраты қатты жан
еді.
Жазатайым боп жүрсең,
Өлгенде көрген бала
едің,
Сен бізге қайдан
жетесің?!
Өжет туған ер Шора
Айтқанына көнбейді.
Жыласа да кемпір,
шал,
Құлағына ілмейді,
Аллаға қылсаң тәкия,
Ажалсыз адам өлмейді.
Алды-артының жоқтығы
Ойына да келмейді.
Сұраса да Нәрікбай,
Шұбарды Шора
бермейді.
Әлібиден қорқып аз
тама,
Зар жылап, бәрі
еңірейді.
Тосайын беріп
Нәрікбай,
Халқына бір сөз
сөйлейді:
– Мақұл көрсең,
тамалар,
Көңіліме бір іс
келеді.
Құдайым берген
есепсіз,
Дүние-малым көп еді.
Тарту қылсам биге
деп,
Ойыма осы кеп еді.
Дұрыс көріп тамалар:
«Жарайды бұл ой», –
деп еді.
Қырық қашырға зер
артып,
Жан-жағын шоқтай
қызартып,
Шұбатып жолға төгеді.
Қазынаның көптігі —
Өткелін судың бөгеді.
Бұл жерге келсе,
Әліби
Аман қояр деп еді.
Көмегі жоқ, не қылсын
Айналдырған қырық үй.
Құдайдан қуат
болмаса,
Тамалардан кетті күй.
Айнала шапса
түрікмендер,
Ат астында боларын,
Қорыққанынан есепсіз
Әлібиге қылды сый.
Әне-міне дегенше,
Қырық жігіті соңында
Қызыл жалау қолында,
Қайраты қатты
қабынып.
Кермүсіннің бойында
Келе жатыр Әліби.
Көп тұрмайды алақтап,
Көзі жайнап келеді.
Өтейін деп өткелден,
Тобыменен төнеді.
Хабары жоқ құдайдан,
Қайратына сенеді.
Ашуы қысып, Әліби
Аяңдамай желеді.
Кермүсіннің бойында,
Батпақ судың ойында
Жайнатып қойған
қазынаны
Бидің көзі көреді.
Әліби сонда сөйлейді:
– Көрдіңдер ме,
жігіттер,
Нәрікбайдың қылғанын,
Басын қорғап Шораның,
Жолыма тұзақ
құрғанын?!
Амалменен айла қып,
Сан мың малын
көрсетті,
Білмейді Құдай
ұрғанын.
Шұбар атты бермесе,
Не қылайын бұл
малын?!
Бойыма менің ар шығар
Алданып бұған
тұрғаным.
Қасымдағы қырық
жігіт,
Малға көзді салмаңыз.
Әзір бұған алданып,
Шұбардан қапы
қалмаңыз.
Жолықса ол жүгірмек,
Шораның басын
жалмаңыз.
Енді ертерек
қамданың,
Қашып-пысып жүрмеңіз.
Біздікі емей,
кімдікі,
Бұл малды ойға
алмаңыз.
Бұл сөзді айтып
Әліби,
Қазынаға қарамай,
Баса, жанша өтеді.
Набыт болса байдікі,
Оның несі кетеді!
Қарсы алдында Шора
тұр,
Ойнайтын жерге
жетеді.
Аңғарыңдар ақырын,
Екеуі енді не етеді?
Тұр еді Шора
сайланып.
Жалаң қылыш, найза
алып,
Әлі келсе Әліге
Қылмағына ойланып,
Алтын сапты ақ болат
Жанына асыла
байланып,
Өзін-өзі бекітіп,
Ат үстінде жайланып.
Сол уақыттар болғанда
Әліби де жетеді.
Жүйесіз қылған
зорлыққа,
Шыдасып тағы
қорлыққа,
Ашуы келіп ер Шора,
Шұбарға қамшы салады.
Әлібидің алдынан
Қарсы шығып барады.
Ақ білегін сыбанып,
Оттай көзі жанады.
Қысып кетіп долдығы,
Еш қарары қалмады.
Кермүсіннің бойында,
Шығармай-ақ ойынды,
Әлібиге ер Шора
Орайласа қалады.
Қырық жігіті соңында,
Әліби де келеді.
Мың баланы қырдырып,
Көңілінде қайғы көп
еді.
Шыға келген алдынан
Шораны Әлі көреді.
Әлібиге ер Шора
Келіп сәлем береді.
Аман-есен айтысып,
«Жолыңыз болсын!» – деп
еді.
Әлі сонда сөйлейді:
– Әлей болсын,
Шоражан,
Жіберді бізді
ханымыз,
Мың балаға қайғырып
Қырық мың үйлі жанымыз.
Ханның айтқан сәлемі:
Шұбарды алып барыңыз.
Бұл айтқанды
қылмасаң,
Төгілер қаннан
арыңыз.
Қырық жігітім
соңымда,
Әліби, – мені
таныңыз.
Не деп тұрмын –
аңғарып,
Сөзіме құлақ салыңыз.
Бермесеңіз шұбарды,
Керегі жоқ басқа
малыңыз.
Шора сонда сөйлейді:
– Жақсы айтасың,
Әлеке,
Айрықша шыққан сен
едің,
Жалтырап тұрған
айымыз.
Күміс құйрық шұбар ат
Кісіге бермес
тайымыз.
Хан сұраса қайтейін,
Беруге келмес
жайымыз.
Менің айтар жауабым:
Қайтадан ханға
барыңыз.
Біздің айтқан бұл
сөзді
Құлағына салыңыз.
Қисын бізге шұбарды,
Хандікі басқа
малымыз.
Біз үшін барып
сұранып,
Шұбарды алып қалыңыз.
Ханды ортаға
салмаңыз,
Бетіңізден қайтыңыз.
Әліби сонда сөйлейді:
– Шоражан, мұнша
кейисің
Бір тайыңды берерге.
Алмай қалса шұбарды,
Әліби елді көрер ме?
Шақтың қанша
жүгермек,
Желігіп мұнша елірме.
Мың баланы өлтіріп,
Асығып жүр ме едің
өлімге?
Қанеки, маған
көрсетші,
Ішің толса өнерге.
Абайла, бала, әліңді,
Айдап салар бәріңді.
Ойынды қойып,
шындасам,
Ауып келген аз тама,
Тоздырармын бәріңді.
Шора сонда сөйлейді:
– Ісінесің, Әлеке,
Зорлығыңды білдіріп.
Шұбарды алсаң,
кетеді-ау
Көңіліңізді тындырып.
Қаһарлансаң тамаға,
Жіберермін жүн қылып.
Сүйегіңе батты ма,
Мың балаңды
қырдырып?!
Азға, көпке құдай
бар,
Кім іздемес, намыс,
ар?!
Сөз айтасың нықыра,
Аздығымды мін қылып,
Аз болсақ, онда
өлерміз,
Алла салса, көрерміз!
Келіп тұрсың ақталып,
Ақ найзаңды міндіріп.
Мықтылықты айтпаңыз,
Көп сүйекті қыздырып.
Әліби сонда сөйлейді:
–Жұдырықтай басыңмен,
Жарыла сөйлеп,
өрлейсің.
Келіп тұрған биіңді
Құлдай құрлы
көрмейсің.
Шікірейіп сен өзің,
Хан сұраса, қайырып,
Бір тайыңды бермейсің.
Жүгермектен жатарсың,
Бүйтсең, көпке
жүрмейсің.
Ажалыңа сан қылып,
Енді неге өлмейсің?!
Осыншама айтсам да,
Есіркесем, көнбейсің.
Шора сонда сейлейді:
– Олай десең, Әлеке,
Зорлығыңды білейін,
Аямасаң, аяма,
Құдайдан мен де
тілейін.
Алладан жетсе ажалым,
Ертерек жерге
кірейін.
Кемшілік шығар маған
да,
Қорқып беріп шұбарды,
Неғылып тірі
жүрейін?!
Әліби сонда сөйлейді:
– Жұдырықтай
басыңмен,
Пеш қылып маған дәс
айтып,
Аяғыңды тірейсің.
Ерегіссең менімен,
Басыңа бәле тілейсің.
Кесейін бе басыңды,
Арқаңды кімге
сүйейсің?!
Шора сонда сөйлейді:
– Ашуланып Әлеке,
Селтитесің мұртыңды.
Күжірейтіп желкеңді,
Бересің маған
сыртыңды.
Ақ қалаңа жеткізбей,
Жайратып салып
қырқыңды,
Хан қораңды зар
қылып,
Сұрайсың ба
жұртыңды?!
Бұл сөзді естіп
Әліби,
Долданып қатты, ж