Дабыл сигналы беріледі

Көктем-2024» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу аясында ағымдағы жылы 8 ақпан күні 12 сағат 55 минутта (жергілікті уақыт) Түрксітан облысы аумағында «Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналын бере отырып Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарлануда.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.

Осыған байланысты Департамент облыс тұрғындары мен қонақтарынан тыныштық сақтап, үрейленбеуді сұрайды!

Пікір қалдырыңыз