Шұбарсуда – тың жоба

Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылындағы «Зейін ашу» бастауыш мектеп  ұжымы тың жобаны қолға алды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары әр жұма сайын сыныпта ұлттық киіммен сабақ өтеді. Ұл балалар бастарына оюлы тақия мен үстеріне көк түсті жакет, ал, қыз балалар үкісі бар сәукеле мен камзол киеді. Ұстаздар қауымы болашақта сабақты тек заманауи стильде тігілген қазақы  киімдер  киіп өткізуге ниеттеніп отыр. 

Мектеп басшылығының бастамасымен қолға алынған жоба аясында бүгінде 200 балаға бірдей етіп арнайы киім тіктірілген. Алдағы уақытта білім ордасы ұлттық құндылықтарға негізделген бұл үрдісті күнделікті сабаққа енгізбек. 
«Мектеп келесі жылы жаңа ғимаратқа көшеді деп жоспарланған. Сол кезде оқушыларымыз күнделікті сабаққа ұлттық киіммен келетін болады. Сабақ арасындағы қоңыраулар да қазақша күймен сыңғырламақ. Бұл жобаны ата- аналар да қуана қолдауда» дейді мектеп директоры Гүлжазира Қарабекова.
Өткен жылы пайдалануға берілген білім ордасы 150 оқушыға лайықталып салынған. Биыл мұнда екі ауысымда 220 бала білім алуда. Оқу ордасы бастауыш мектеп болса да оқушыларды ғылыми жобаға дайындайды. Бұдан өзге балалардың жан-жақты дамуы үшін ақысыз түрде қосымша сабақтар өтіледі. Шәкірттер бос уақытында хореография, таэквондо, шахмат, көркемсөз оқу секілді қосымша үйірмелерге тегін қатыса алады. Бұл жекеменшік мектеп болғанымен, оқушылар тегін оқиды. Балалардың қауіпсіздігі үшін үйлерінен мектепке алып келу, қайта апарып тастау тасымалы да қарастырылған. Құрылтайшылардың демеушілігі есебінен оқушыларға бір мезгіл ыстық тамақ беру жағы да ұйымдастырылған. 

«ОҢТҮСТІК»-АҚПАРАТ.

1 пікір

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз