Көп балалы ана кондитерлік цех ашты

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Муаттар Азизова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несие алып, кондитерлік цех ашқан. Кәсіпкер 7 млн. 700 мың теңге көлемінде несие алып, кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған құрал-жабдықтар сатып алған. 

Оның айтуынша, кондитер цехын іске қосқалы сұраныс артқан. Алдағы уақытта кәсіпкер  наубайхана жұмысын да іске қосуды жоспарлап отыр.

Қазір күніне 15 келідей бәліш түрлерін, 150-200 самса, тапсырысқа орай түрлі тәтті тоқаштар пісіреді. Жасаған өнімдері ауыл тұрғындарынан-ақ артылмайды. Негізгі мамандығы журналист Муаттар Азизова бұл салада 15 жылдай қызмет етіп, кәсіпкерлікке бет бұрған. Отбасында үлгілі келін, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған көп балалы ана.


Пікір қалдырыңыз