ТАУЛАР ШАҚЫРАДЫ

Төлеби ауданы, Қасқасу ауылынан 17 шақырымдай жерде орналасқан Сарыайғыр шатқалындағы орталыққа қыс мезгілінде жер талғамайтын автөліктер болмаса, басқаларының жетуі қиын.

«Сайрам-Өгем» ұлттық паркіне қарасты аумағы 2 гектарды құрайтын жерді кәсіпкер Қайыржан Әбдіразақұлы жалға алып, туризм кластерін дамыту мақсатында өткен жылы жазда рекрециялық сауықтыру орталығын ашты. Төлеби ауданы, Қасқасу ауылынан 17 шақырымдай жерде орналасқан Сарыайғыр  шатқалындағы орталыққа қыс мезгілінде жер талғамайтын автөліктер болмаса, басқаларының жетуі қиын. Біресе көкке өрлеп, ылдилап төмен құлаған тауға тән экстремальды әрі серпантин жолдың бұралаңы көп. Төменге қарасаңыз, етекте бастауын түрлі бұлақтардан алатын өзен мөлдір күйінде буырқана ағып жатыр. Шатқал қойнауына сұғына  енген сайын тамаша табиғат көрінісіне куә боласыз. Күн түсетін жағында қар жартылай еріп, қара жер алақанаттанып көрініп жатса, сол жақта қардың көбесі сөгілмей тұр. Ар жағында жабайы аңдарды да ұшыратуға болады екен. Қорықшылардың айтуынша, тау жотасында тау ешкілерді,  қасқыр, түлкі қарсақ сияқты жыртқыш аңдар жортып жүреді. Тіпті қоңыр аюды да көргендер бар. Анда-санда дүрбі шалғандар аң-құстарды ұшырата алады. Оларды атуға мүлдем тыйым салынған. Мылтық кезенген қаскүнемдер ұсталса, үстерінен қылмыстық іс қозғалып, жазаға тартылуы мүмкін. Әйтпесе, өте үлкен мөлшерде айыппұл төлейді. Парк қызметкерлері фото тұзақ құрып, қар барысының тыныс-тіршілігін бақылауға алғанына бірнеше жылдың жүзі болыпты. Бұрын азайып кеткен түз тағысын көбейту мақсатында көп жұмыстар атқарылып жатқаны анық. Айналасы қоршаған тау етегінде жыл он екі ай түсін бермейтін шыршалардан көз сүрінеді. Саф таза ауаны жұтқан сайын тынысың ашылып, көкірек сарайың  тазара түскендей әсер қалдырады. Түнге қарай ептеп аяз бетті шымшиды. Қар үстінде жүрген сайын сықыр-сықыр еді. Қаланың шуына әбден үйреніп қалған біздер құлаққа ұрған танадай тыныштыққа бірден көндіге алмай біраз уақыт мең-зең күйде жүргеніміз анық. Күйкі тірлікті бір сәтке ұмытып, меңіреу әлемнің құшағына енгендей болдық.


        Біз ашылғанына көп уақыт өте қоймаған аталмыш орталықтың құрылтайшысы Қайыржан Әбдіразақұлымен аз-кем тілдескен едік.

    —  Біздің сауықтыру әрі демалыс аймағы орналасқан жер өте керемет. Өзім де қызығамын. Келген саяхатшылардың барлығы: «Қазақстанның Швейщариясы» деп орынды айтып жүр. Әрине, бұл істі бастау кезінде көптеген қиыншылықтар болды. Топырақты тегістеп, шағыл тас төседік. Ауырпалықтардың бәрі артта қалды. Сондықтан көрер қызығымыз әлі алда деп ойлаймын. Алдымызға қойған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Әлі атқарылар жұмыс көп. Келешекте жылдың төрт мезгілінде туристер емін-еркін тынығып кететін кешен болса, біз соларға үлгілі қызмет көрсетсек  деген жоспарымыз бар, — дейді кешен қожайыны.

          Рас, мұнда уақыт өткен сайын түрлі өзгерістер жасалып жатыр. Қыс өзінің сұлулығымен келушілерді таңғалдырса, көктемде сан алуан өсімдіктер бүр жарып, айнала жасыл кілемге боянып, хош иісті гүлдер жұпар шашқанда шатқалдың іші шаттыққа толады.  Жазда демалушылар мол болады. Күз айында айнала адам айтып жеткізгісіз сарыала түске енгендегі әсердің жөні мүлдем бөлек.  Орталықта 6 нысан бар: оның біреуі меймандарды күтетін үлкен бөлмесі мен моншасы бар әкімшілік ғимарат. Ал төртеуі тынығушыларға арналған қонақ үй. Аржағында қарау алаңы қызмет көрсетеді. Киіз үй және бірнеше тапшандар қойылған.


     Қыс қызығы таусылмайды. Тынығушыларды таулар шақырады.

                                                                                          С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

          

1 пікір

  • base dase
    base dase

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз