Шардараға инвесторлар келді

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, жүйелі жолға қоюды міндеттеген болатын. Осы тапсырмаға орай Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев алматылық «AGRIQA Asia» ЖШС компаниясының өкілдерін қабылдады.

 Инвесторлар Шардара ауданы ауыл шаруашылығы саласында агроиндустриалды кластерін дамыту, оның ішінде қызанақ өсіріп, томат дайындау жобасын іске асыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Жоба бойынша жылыжай кешенін, қайта өңдеу цехын, жем шығаратын цех салу жоспарланған.

Кездесу барысында жер учаскесін бөлу, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі талқыланып, инвестор өз тарапынан жобаны қаржыландыру барысын және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. 

Аудан әкімі бұл жоба жүзеге асса, аймақ экономикасын көтеріп, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына оң ықпал ететіндігін, жобаны іске асыру үшін әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. 

Пікір қалдырыңыз