Екі беті екі түрлі...

Физик Анатолий Бугорский У-70 протонды синхротронда жұмыс істеген кезде кездейсоқ жағдай орын алды.

1978 жылы 13 шілде. Мәскеу облысындағы классикалық кеңестік зертханада бұл күні әдеттегідей жұмыс күні еді. Таңертеңгісін син­хро­трон бұзылып, Бугорский оны жөндеуге кіріскен. Бір кезде физикті әлдебір қызығушылық жеңеді де ол басын сәулеленгіштің ішіне қарай сұғып көреді. Сол кезде күтпеген жерден аппарат жұмыс істеп кетеді.

«Мен өте қатты жарқылды көрдім» деп еске алады Анатолий. Орын алған оқиғадан кейін ол басын аспаптан шығарып, айналасына аңтарылып қарайды. Бір сәтте 200 мыңға жуық рентген сәулесін алған физиктің беті қатты ісініп, шүйдесіндегі шашы түсіп, бір қара дақ пайда болыпты. Бугорский дереу мамандандырылған ауруханаға жөнелтілді.

Онда дәрігерлер ғалымның сол құлағының есту қабілеті төмендегенін және эпилепсия ұстамалары өршігенін айтады. Дәрігерлер соншалықты қауіпті радиациялық зақым таппайды. Ақыр соңында А.Бугорскийдің бетінің ісігі  де қайтады. Тек сол жақ беті оң жағына қарағанда егде адамның бетіндей болып көрінді. Тәйірі, екі беттің екі түрлі көрінгенінде тұрған не бар, бәрінен бұрын тірі қалғанды айтсаңызшы!

Дайындаған Б.ДӘРІҚОЖА.

Пікір қалдырыңыз