Басы денесінен бөлініп кетсе де...

Америкалық Шеннон Мэллой Денвердегі омыртқаны емдеу орталығына жеткізілген кезде оған тосын диагноз қойылды. Дәрігерлер Шеннонның басы дененің қалған бөлігінен іштей бөлініп кеткенін айтты. Мэллой қорқынышты жол апатында маңдайын көліктің жақтауына оңдырмай ұрып алған еді.

Шеннон жүйке жүйесінің қысылуы салдарынан көздері шапыраштанып оянғанымен, сөйлей алмады. Тек терінің және бірнеше жыртылған бұлшық еттердің арқасында ғана орнында тұрған басын да қозғалта алмады.

«Дәрігерлер менің басымды орнына қоюға тырысқанда, ол үнемі қолдарынан сырғанап кете берді, – деді Шеннон кейіннен журналистермен кездескенде. – Мұндай жағдай бес рет қайталанды». Бұл, әрине, құлаққа тұрпайы естілгенімен,  көптеген ми жарақаттарында ота науқастың есі бар кезінде жасалады екен, себебі бұл кезде процесті бақылау оңайырақ көрінеді. Оның үстіне осыдан кейін отасы сәтті шыққан адам өзгелерге өзінің керемет естеліктерімен бөлісе алады.

Бақытына орай, Шеннон үшін ота сәтті өтті, басы орнына келді.

Пікір қалдырыңыз