Оралхан шығармашылығы ұлықталды

Дилара БИМЕНОВА,
«Оңтүстік Қазақстан».

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында орналасқан «Руханият Әбу Насыр әл-Фараби» музейінде қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған іс-шара өтті.

«Алтайдың асыл жыршысы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға «Темір» жалпы орта мектебі мен Жамбыл атындағы мектеп-лицейдің оқушылары, балалар және жасөспірімдер орталығының қызметкерлері қатысты. 
Жиналғандар алдымен Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы түсірілген деректі фильмді тамашалады. Одан кейін аталған мектептердің алтыншы және жетінші сынып оқушылары қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқып, сахналық көріністер қойды. Музей қызметкері Ардақ Жаппарқұл «Отты ойлардың оғланы» тақырыбында баяндама жасады. 
Соңында жиынға қатысушылар Оралхан Бөкейге арналған фото және кітап көрмесін тамашалап, естелікке суретке түсті. 
Пікір қалдырыңыз