Қытайда енді визасыз жүре беруге болады

Қазақстан азаматтары бүгіннен, 10 қарашадан, бастап Қытай Халық Республикасында визасыз жүре алады. Сәйкесінше, қытайлықтар да біздің елге визасыз келе алады. Алайда,  азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет.

 

Бұл жаңалық Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімнің бүгіннен бастап күшіне енуіне орай жүзеге асады.

 

- Осы келісімнің 1-бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке шаруасын, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады, - деп түсіндіреді ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

 

Азаматтарда 30 күннен артық болу қажеттілігі болған жағдайда, тиісті санаттағы кіру визасын алдын-ала рәсімдеу қажет. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейді. Айта кетейік, жоғарыда аталған келісім ҚХР Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аудандарының аумағына баруға қолданылмайды. Қазақстан азаматтары Гонконгқа визасыз 14 (он төрт) күннен аспайтын мерзімге бара алады, ал Макаоға бару үшін виза рәсімдеу қажет.

 

Пікір қалдырыңыз