«Менің әкем – ел қорғаны»
Елімізде полицияның сервистік моделі алғаш рет жұмысын 2021 жылы бастаған болатын. Бірақ, бірден басталып кете қойған жоқ, бұған дейін пилоттық режимде жүрді. Қазіргі таңда бұл сервистік модель бірқатар аймақтарда енгізіле бастады. Аталған модельге Үкіметтің де, халықтың да үміті зор. Жоба табысты жүзеге асса, полицияны – халықтан, халықты – полициядан алшақтатпастан, сапалы қызмет түрі ұсынылмақшы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында айтылған «Жұртқа жақын полиция» қағидаты да осы кезде тиімді жүзеге аспақ.
Полиция департаментінің мәліметінше, осыған орай Түркістан облысы Мақтаарал
аудандық АПБ басшысының бастамасымен полиция қызметкерлері балаларының арасында
«Менің әкем – ел қорғаны» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Байқауға жеке құрам қызметкерлерінің 13 жасқа дейінгі жеткіншек балалары қатысып,
өздерінің әкелерін мақтанышпен жазған шығармаларын оқып берді. Балалардың
көзқарасымен полиция мамандығының жекелеген сипаттамасы мен оның халық
алдындағы қаһармандық тұлғасы әрбір тыңдаушыны бей-жай қалдырмады.
Сайысқа қатысушылардың шығармалары сараланып, нәтижесі бойынша жүлдегерлер
алғыс хатпен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл шығармашылық байқау
қоғамдағы полиция қызметкерлерінің беделін арттыру мақсатында өткізілді.