Ардагерлер бақ сынады

Түркістан қаласында ардагер спортшылар арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Халықаралық туризм және меймандостық университетіндегі спорт кешенінде ұйымдастырылған іс-шараның ашылуына Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Хұдияров, еңбек ардагері Үмбет Жүсіпбаев және  балалар мен жасөспірімдерге арналған №2 спорт мектебінің директоры Әнуар Сәрсенбаев қатысты. Жарыс Түркістан қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, үстел теннисінен жаттықтырушы, ардагер бапкер Оразбек Божбанбаевтың 75 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Аталған бәйгеде 40-60 жас аралығындағы спортшылар бақ сынасты. 
Жарыс қорытындысы бойынша жаттықтырушылар арасында І орынды Рахат Полатханов (Түркістан қаласы) жеңіп алды. ІІ орынды Мәди Қалдарбеков (Отырар ауданы), ІІІ орынды Әлі Дәулет Мұханбет (Жетісай қаласы) иеленді. 60 жастан асқан спорт ардагерлері арасында І орын Біржан Қамысбаевқа (Жамбыл облысы), ІІ орын Николай Кимге (Шымкент қаласы), ІІІ орын  Леонид Кимге (Қызылорда қаласы) бұйырды. 50-60 жас аралығындағы спорт ардагерлері арасында І орынға Нартай Төлбасиев (Түркістан қаласы), ІІ орынға Сұлтангерей Тілегенов (Ақтау қаласы), ІІІ орынға Абдул Ахад Расулов (Ташкент қаласы) ие болды. Ал, 40-50 жастағылар арасынан І орынды Ойбек Камалов (Ташкент қаласы), ІІ орынды Болат Бақұлов (Қызылорда қаласы), ІІІ орынды Дәулет Машрапов (Шымкент қаласы) жеңіп алды.
Пікір қалдырыңыз