Хиуаға бардық, атой салдық!

Өзбекстанның Хиуа қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға 50-ге тарта елдің спортшылары қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Тартысқа толы өткен бәсекеде еліміздің намысын қорғаған атлеттер арасында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Олар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, еліміздің мерейін үстем етті. Чемпион атанып, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміздің қатарында Мұхамеджан Жәнәділ, Нұртас Сағынғали, Диас Ташен бар. Сондай-ақ, Уайыс Рамазан күміс жүлдегер атанса, Мөлдір Амангелді, Сәрсенқұл Мамырбек қолаға қол жеткізді. 
Жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар білікті басшы Бауыржан Бөріқұлов жетекшілік ететін облыстық №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.
Пікір қалдырыңыз