Түркістандық өнімдерге Астанада сұраныс жоғары

Түркістан облысы мен Астана қаласы әкімдіктерінің өзара келісіміне сәйкес, Түркістан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен Астана қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған жәрмеңкеге биыл 550 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылды.
Ең бастысы жәрмеңкеге келген астаналықтардың қарасы қалың болды. Олар берекелі өнім өсіріп, алтын күздің алғашқы сыбағасын ұсынған түркістандықтарға дән риза болды.
Жәрмеңке аясында Түркістан облысы өнерпаздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік іс-шаралар өтті. 
Айта кетейік, республикадағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы облысқа тиесілі. Климаттық орналасуы, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту өте қолайлы. Облыста 80 мың агроқұрылым бар, ол республиканың 33%-ын құрайды. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз