Қоршаған ортаның тазалығы мамандарға ғана емес, әрбір тұрғынға да байланысты

Бірақ, біз сол саялы мекенді қаншалықты талапқа сай таза ұстап отырмыз? Біз бұл сұрақты Шымкенттегі дендрарий бағының басшысы Гүлнар Сапарымбетке қойдық. Таяуда ғана ұжым тізгінін қолға алған басшы жұмысты құжаттарды реттестіруден бастапты.
«Жұмыс жүйелі жүруі үшін ең алдымен тәртіп керек. Ал, тәртіпті қандай да бір құжатқа сүйеніп барып талап етеміз емес пе?! Сол үшін мен дендробақтағы бұған дейін атқарылған жұмыстардың құжаттарын реттестіруді қолға алдым. Сенесіз бе, қазір дендробаққа келетін ағын су жүйесі де істен шыққан. Яғни әлдебір құрылыс нысандарын жүргізу барысында бұл жерге келетін су құбыры бітеліп қалса керек. Бүгінгі таңда біз ағаштарды қолмен суаруға мәжбүрміз. Мұндай жағдайда жаңа көшет егу тұрмақ, өсіп тұрған ағаштардың өзін сақтап қалу қиын боп тұр. Дендрарий бағындағы әрбір өсімдікке ерекше күтім керек. Қурағандарын кесіп, орнына жас көшет отырғызып, оның оңалып кетуі үшін көп еңбек сіңіруге тура келеді. Қураған ағаштарды дер кезінде тазалап тұрмаса, оның өртке орану қаупі де жоғарылай береді. Қатты жел тұрған кездерде әбден тозығы жеткен электр бағаналары шайқатылып, желілері жерге түсіп жатады. Бұл да қауіпті. Кейде саябақты уақытша жабуға мәжбүр боламыз, өйткені, табиғи апаттардан бүлінген сымдарды қайта қалпына келтіргенше балалар токқа түсіп қалуы мүмкін. Ал, оны ретке келтіру тек тәжірибелі мамандардың ғана қолынан келеді. Жалпы, мұнда өз саласының білгір мамандары ғана жұмыс істей алады. Өсімдіктің тілін білетін, ағаштарды түрлі аурулардан аман сақтай алатын мамандар болмаса, бірінің ізін бірі жалғап кете беретін проблемалардан көз ашпай қалуымыз әбден мүмкін» дейді ол.
Гүлнар Бертайқызының айтуынша, олар жас мамандарды оқу курстарынан өткізіп, өздеріне керек кадрларды қайта жасақтап жатқан көрінеді. Сондай-ақ, саябақтың, жалпы қаланың тазалығы үшін әрбір тұрғынның, тіпті қалаға қыдырып келген әрбір қонақтың да оған мүдделі болмағының маңызы зор. Иә, таңертең ерте ашылып, қас қарайғанша халыққа қызмет ететін орынның тазалығын сақтау үшін де адамдардың саналы, тәртіпті болғаны жөн. Өкінішке қарай, демалуға келіп, отырған жеріне қоқыс тастап кететіндер көп. Сол үшін алдағы уақытта бейнебақылау орнату жоспарда бар. Тағы бір айта кететін жайт, ата-аналар саябақ ішіндегі түрлі мүсіндерге балаларын мінгізіп, суретке түсіруге құмар. Сондай кезде қымбат мүсінге зақым келіп, айналасына егілген гүлдер де аяқ астында тапталып жатады. Мұның өзі бізде демалу мәдениеті әлі қалыптаспағанын көрсетсе керек.
Иә, айтса айтқандай, біз әңгімені ден-дробақты аралап жүріп жалғастырғанды жөн көріп, сыртқа шыққанымызда есік алдындағы бұғының мүсіні бірнеше жерден сынып, қайта қалпына келтіріліп қойғанын байқадық. Айналасын ақ жіппен қоршап қойған бұғының бейшара хәліне мүсіркей қараған бізге мұны мекеме басшысы былай түсіндірді: «Балаға өкпелеуге болмайды, бірақ баласын бұғының мүйізіне мінгізіп қойып суретке түсіретін ересектердікі не тірлік? Осымен екінші рет қайта жөндеттік. Ақыры болмаған соң бүйіріне «тиісуге болмайды» деп жазып, айналасын қоршап қойдық».
Көптен бері жөндеу көрмеген орындықтар сырланып, сәні кіріп қалғаны бірден байқалады. Сондай-ақ, тозығы жеткен электр желілері де жаңартыла бастапты. Анадайдағы ағаштардың астындағы дымқылды көріп, суару жүйесінде де сең қозғала бастағанын байқадық. «Бізде алты скважина болған. Соның бәрі істен шыққан екен. Таяуда біреуін іске қостық. Саябақ іргесіндегі көлді суға толтырып, оны ағаштарды суару үшін пайдаланып жатырмыз. Әйтпесе, үлкен бақты бастан-аяқ қолмен суарып шығу мүмкін емес» деген мекеме басшысы осынау тірліктерді үйлестіру жағы қолға алынғанын жеткізді. «Ұжымның ұйымшылдығының арқасында біраз жұмысты еңсерген болдық. Бірақ, әлі де атқарылуы тиіс міндеттер аз емес. Мысалы, мұнда веложол салынғанмен, оның құжаттары ресімделмеген. Саябақты таза ұстау үшін, демалушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін бұл жер күніге тазаланады. Кеш түсіп, қас қарайғанда қолындағы қоқысын әр жерге шашып кететіндер бар. Таңертең ерте тұрып, осында серуендеуге келетіндер көп. Солар саябақта жататын түрлі қағаз қалдықтарын көріп, бізге ренішін білдіріп жатады. Олардың ренішін дұрыс түсінеміз, дегенмен, кейбір азаматтардың тырнақ астынан кір іздеп, кемшілік көрсе жерден жеті қоян тапқандай қуанатынына таң қаламын. Оларға жолында жатқан қоқысты алып тастағаннан гөрі, суретке түсіріп әлеуметтік желіге жүктеу оңай. Атқарылып жатқан жұмыстар осылай жоққа шығып жатады» деп ренжиді директор.
Жалпы, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға әрбір адам мүдделі болуы тиіс. Сонда ғана әсем қаланың әйдік көрінісіне нұқсан келмей, қаланың өкпесі саналатын саябақтардағы өкінішті жағдайлар азайған болар еді.
Дендрарий бағы осыдан қырық төрт жыл бұрын Асанбай Асқаровтың бастамасымен салынған. Бұл – еліміз бойынша ең алғаш салынған дендросаябақ. Осыдан төрт жыл бұрын баққа оның негізін қалаған Асанбай Асқаровтың есімі берілді.
Мұнда ағаштың бес жүз, өсімдіктің мың үш жүзден астам түрі бар. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарынан бөлек, Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексикадан әкелінген «қасқыр жидегі» де бар.
Аман ЖАЙЫМБЕТОВ, «Оңтүстік Қазақстан».