Менің Отаным – Қазақстан

Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – Атаң қымбат,
Аймалайтын – Анаң қымбат,
Асқар тауың – Әкең қымбат
(Қазыбек би).
«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» дейді қазақ мақалы. Иә, кез келген тіршілік иесі өз туған өлкесінде, туған жерінде бағалы. Есімім – Наташа. Ұлтым – орыс. Сыйға-сый дегенді алға тартып, ана тілімдей болып кеткен қазақ тілінде ес білгелі еркін сөйлеймін. Бес жүз елу сегіз жылдан астам тарихы бар мемлекетіміздің әрбір кезеңі мен үшін құнды, қастерлі.
Алтын Орда ішінде Қазақ хандығы құрыла бастаған сәттен Абылай ханның ақылшысы болған Бұқар жырау Қалқаманұлының «Жар басына қонбаңыз» толғауын, Кенесары ханның тұсындағы ақын-жазушылардың, соның ішінде қазақтың бас ақыны болған Абай Құнанбайұлының «Қырық бес қара сөзінен» бастап оқып, ой толғатып келемін.
Қазақ ауылында дүниеге келген соң мен үшін тіл меңгеру аса қатты қиындық тудырған жоқ. Қазақтың тарихында есімдерімен бірге еңбектері қатар қалған ақын-жазушыларды оқу, тану қазақтың тілімен бірге жерін де тануға, сүюге, қастерлеуге ынта-жігерімді арттырды. Ақындарымызша айтқанда «сүйемін тауын да, тасын да, бауын да».
Өзім тұратын Түлкібас өңірінің тарихына да қанықпын. Әуел бастан қасиетті Жер-Ана, Қазақстан, облыс, қала, аудан демей, туып-өскен ауылым – Түлкібасымнан сөзімді бастағанды жөн көрдім. Түлкібас жерінде жазушы, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов аталарымыз дүниеге келген. Ал, тіл тазалығын сақтап, ана тілім деп шырылдап өткен Шерхан Мұртазадай атамыздың орны бір бөлек.
Отаным, туған жерім, салт-дәстүрім деместен бұрын, сол елдің тілін меңгеру қажет екені белгілі. Ал, мен көз ашқалы қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде білім алып, қазақ тілді мекемелерде жұмыс істеп келемін. Сондықтан өз елімнің патриотымын деп айтуға, Қазақстан – менің Отаным деп айтуға толық құқым бар!
Наталья ЛИ,
Петр Шевцов атындағы жалпы орта мектебі.Түлкібас ауданы.
Ерман Аружан
Мен енді сабақтан бес аламын бәрін жаздым 6бет толды
Әсем
Жоқ
Айдар
Оте кушты рахмет и осынын аркасын да бес алам????????❤❤????
Зарина
Нгннапп
Аты жөнінде енгіщіңіз
Керемет шығарма!☆????
Әсия дүйсенбай
Сабаққа оқып барам
Резида
Өте кушты
Aiaru
Оте дурыс
Аружан
Күшті????????
Ахметжан Диана
Өте мағыналы