Бас жүлде — Түркістанда!

Жастар арасында Ақтауда өткен спорттық және жауынгерлік самбодан кезекті ел біріншілігінде Түркістан облысының құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте бас жүлдені жеңіп алды.

Осы сында 50 келідегі Айман Ибрагимова мен 72 келі салмақта сынға түскен Ақбота Қыдырәлі және 80 келіден жоғары салмақта күш сынасқан Нүрила Асанқызы ел чемпионы атанды. 
Ал, 47 келі салмақта Шолпан Алтынбек, 80 келіде Ұлбосын Әділова, 50 келіде Әсем Махамадияр, 54 келіде Гүлназ Өмірбек күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, 54 келіде Гүлбахар Журабай, 47 келіде Шолпан Алтынбек, 50 келіде Жанерке Айдалы қола жүлдегер атанды.
Бұл жарысқа облыс балуандарын дайындаған білікті бапкерлер – Әбдісадық Халиллаев, Мөлдір Бейсембаева, Мұхтар Бөгенбаев, Қанат Арғынбаев пен Нұрғали Танкеевтің еңбектері ерен.
Пікір қалдырыңыз