Құсбегілеріміз ерледі

Жуырда Талдықорған қаласында жас құсбегілер ел біріншілігінің медальдарын сарапқа салды.
Жетпістен аса құсбегі бақ сынаған бұл дүбірлі додаға Түркістан облысынан 8 спортшы қатысты. Атап айтсақ, ителгі салу сайысынан Салтанат Мұсалим бас жүлдені жеңіп алды. Ал, тағы бір талантты спортшы Паң Төлемырза құсбегілік спорт түрінен қола жүлдені иеленді.
Сонымен қатар, қаршыға салу сайысында Паң Төлемырза күміс жүлдегер атанса, Намазбай Мұхаммед қола жүлдені еншіледі. Осылайша, жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы бас жүлдені иеленді.
Пікір қалдырыңыз