Рахмет, Сіздерге, қазақ жұрты!

Түркиядағы алапат жер сілкінісінен болған қайғылы жағдай бауырлас қазақ еліне де ауыр тигенін Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқитын біздер де жан-жүрегімізбен сезіндік. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен алғашқы күннен бастап зілзаладан зардап шеккен түркиялық ағайындарға ақшалай-заттай гуманитарлық көмек көрсетіле бастады.  Өзіміз оқитын ХҚТУ ұжымы өздерінің бір күндік жалақысымен қоса азық-түлік,  жылы киім-кешек, тұрмысқа қажетті басқа да заттар жиынтығын жіберді. Алғашқы күннің өзінде 10 тоннаға жуық зат жөнелтілді. 
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ХҚТУ-ге келіп, осындағы Түркия өкілдігінің қызметкерлерімен кездесіп, қайғысымен бөлісті. Қазақстаннан, оның ішінде Түркістан өңірінен барған құтқарушылар қираған үйінді астынан қаншама адамды құтқарып, ажалға араша бола білді.
Сауапты іске бір адамдай жұмылған жомарт жүректі өңір тұрғындарына біздің алғысымыз шексіз.
Рахмет, Сіздерге, қазақ жұрты!

ХҚТУ-да оқитын түрік студенттерінің атынан Мерт АКБАШ, Фетуллах ХАЛАЧ, Таха БАРУТ, Дилек ИЫЛДЫЗ, Лүтфийе Ирем ӨЗГЕРИШ.
Пікір қалдырыңыз