Пайда қайда демеңіз

Қазығұрт ауданында шылаушын құртын өсіріп, құнарлы тыңайтыш өндіретіндер қатары көбейіп келеді. Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінің тұрғындары жеке тұрғын үйінің ауласында жер тыңайтуға арналған калифорниялық қызылқұрт өсіріп жатыр. Бұл кәсіптің тиімділігі – калифорниялық шылаушандар малдың көңімен қоректену арқылы топырақты құнарлы қара топыраққа айналдырады. Дайын болған биогумусты алқапты егіншілікте, жылыжайларда пайдаланған өте қолайлы. Құнарлы топырақ тамырлы көкөніс өсіруде өнімді молайтады.
Биогумус өндіруге бел буған Тастанова Дамира 30 шаршы метр көңде 90 мың шылаушан, Сарманова Ләйла 20 шаршы метр көңде 60 мың шылаушан, Дүйсебеков Акылбек 30 шаршы метр көңде 90 мың шылаушан өсіріп отыр. Орта есеппен 30 шаршы метр көңнен 4 текше метр биогумус өндіріледі. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына өте тиімді, көп қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрін тұрғындар  одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. 

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Пікір қалдырыңыз