«Тарихи шаһар ерекше әсер сыйлады»

Түркістан бұрынғы қала емес, көп өзгеріс бар. Тарихи шаһарға саяхат маған ерекше әсер сыйлады. Оның үстіне Өркен Кенжебек мырзамен бірге жүру мен үшін үлкен абырой. Мен түсінбеген дүниелерді «Визит Түркістан» орталығының қызметкерлері қарапайым тілмен түсіндіріп берді. Негізі түркі жұртының тарихы тереңде жатыр. Оны бір жазбамен немесе сториспен айта салу мүмкін емес.

Түркістанның аймақтық бизнестің дамуына, өмір сүру сапасына тигізер ықпалы аз емес. Яғни Түркістан туризмінің әлеуеті әлі алда деген сөз. Бүгінде мұнда туризм кластерін қалыптастыруға миллиардтаған қаржы салынып жатыр. Иә, Түркістан – дайын туризм ордасы. Ол «Жібек жолының», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының бойында тұр. Сондықтан Түркістанға тиімді менеджмент жүйесі мен қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру керек. Экономика жақсарса, халықтың демографиялық өсімі артып, тұрмысы да түзеледі. 

Тарихы терең, түркі әлемінің бесігі болған киелі Түркістанға, оның ішінде «Ұлы Дала елі» орталығына келіп, алтын ғасырдың атмосферасын сезініп, алтын адамдарды көріп, алтын костюм кисеңіз, алтын тақта отырып, керемет сезімге бөленесіз. Дұрысы, Түркістанға бару керек, көру керек!

Ғалым МАХАМБЕТОВ, блогер.

Пікір қалдырыңыз