Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атанды

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан әлем чемпионатының
финалында 48 келіде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай чемпион атанды. Ол финалда
жапониялық Казума Аратакемен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты.
Айта кетейік, Санжар осы жарыстың 1/8 финалында
өзбекстандық Асылбек Жалоловты 5-0 есебімен тізерлеткен. Одан кейін қырғыс боксшысы
Мейірлан Түрікбайұлын да айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда үндістандық
Говинд Кумар Саханидің осал тұсын тапқан.