Ақынға құрмет көрсетті

Келес ауданындағы Т.Бердияров атындағы №20 мектепте арқалы ақынның туған күніне орай поэзия кеші өтті.
Поэзия кеші басталардың алдында жиылған көпшілік ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Одан кейін қонақтар Т.Бердияров атындағы музейге бас сұқты. Мұнда ақынның тірі кезінде қолданған заттары қойылған. Музей қызметкерлері қонақтарға мұражай туралы толыққанды мәлімет берді. 
Сазды-поэзиялық кешті Ұшқын ауылының әкімі Ғ.Байдосов  ашып, осынау іс-шараның маңызына тоқталды. Одан кейін ардагер ұстаз О.Егембердиев, Тоқаш  Бердияров  атындағы  әдебиет  және  өнер  бірлестігінің мүшесі Қ.Қалыбаев  ақынның шығармашылығы жайында әңгіме өрбітті.
Кеште ақын өлеңдері оқылып, өскелең ұрпаққа өнеге боларлық тұстары жөнінде толғамды пікірлер айтылды.

Нұрбек  ТАҒАЙ.
Ұшқын  ауылы, Келес  ауданы.

Пікір қалдырыңыз