Шымкентте алғашқы клуб үйі ашылады

Оңтүстік мегаполистегі Шаяхметов көшесінің бойында орналасқан «39 клуб үйі» тұрғын үй кешенінде BI Group құрылыс компаниясы үшін дәстүрлі іс-шара болып кеткен Ашық есік күні өтті.

Кешенге терезелерінен Шымкенттің басты алаңы көрінетін 39 эксклюзивті пәтер кіреді.

Қазір үй қаңқасы тұрғызылып, монолитті жұмыстары аяқталып қалды. Клиенттер, өз кезегінде, командамен және жобамен танысып, көргендеріне тәнті болды, олар әрлеу сапасына, абаттандыру жұмыстары мен аумақтың қауіпсіздігіне қызығушылық танытты.

Қонақтарды үйдің қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік және мәдени орталығында орналасуы, әкімдік, «Түркістан сарайы» мәдениет сарайы, көрме орталығы, облыстық «Отырар» кітапханасы, «Нұрсат» саябағы, Ж. Шанин атындағы драма театры, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Raxima Plaza сауда орталығы мен Cash and Carry МЕТРО гипермаркетіне жақын болуы ерекше қызықтырды.

Жобаның қолайлы орналасуынан басқа бірқатар артықшылықтары бар. Егер құрылыс материалдары мен сапасы туралы айтатын болсақ, біз мұнда:

● Түрік және австрия өндірісінің HPL панельдерін

Ströher неміс өндірісінің клинкерін

● Француз балкондарын

● Үлкен форматты Black Beauty үнді гранитін

● 1-қабатта анодталған алюминий витраждарын

● Финдік Kone фирмасының лифтілерін

● Ренессанс дәуірінің ғажайып айналарына ұқсас қола түстес Морено айналарын

● Үйдің кіреберісіне жұмсақ жиһаздарды

● Итальяндық Arabescato ақ мәрмәрін, испандық Nero Marquina қара мәрмәрін және гректің Angeles White мәрмәрін

● Итальяндық Allure Capraia және Allure Imperial Black керамограниттерін қолдандық.






Аула кеңістігі туралы жоба менеджері Сұлтан Ертарғын айтып берді:

- Бізді жобалау кезінде жапон бақтары шабыттандырды. Мұнда шырша, үйеңкі, қайың, жапон спиреясы, бөртегүл, қарағай, шетен, арша және көпжылдық шөптерден құралатын ландшафты көгалдандыру өте әдемі әрі молынан болады. Сондай-ақ аулада демалыс аймақтары, экоматериалдардан жасалған ойын модульдері, әртүрлі жастағы балаларға арналған алаңдар мен Work-out спорт алаңы болады.

«39 клуб үйінің» тек тұрғындар мен олардың қонақтарына ғана арналған лаундж-бөлмесінің болуы тағы бір ерекшелігі болмақ. Оның аумағы жазылып фильм көретін кинозал, караоке мен 8 адамдық қонақ бөлмесіне бөлінетін болады.

Жобаның басқа артықшылықтарына келетін болсақ, бұл – әрине, бірегей Connected Home жүйесі, ол: түтін мен судың ағуын, есіктің ашылуын қадағалайтын сымсыз датчиктерден тұрады.  Пәтер есіктеріне кілтсіз ашылатын Kaadas S100 құлыптары орнатылады. Сонымен қатар болашақ тұрғындар IP-домофонияны да пайдалана алады.

Авторлық граффити орнатылған жабық паркинг, велотұрақ, қоймалар, бизнесті дамыту үшін қабырғасының биіктігі 5 м болатын коммерциялық үй-жайлар, қоларба қоятын бөлмелер клиенттерді бей-жай қалдырмайтын тұрғын үй кешенінің сөзсіз артықшылықтары болып саналады.

Ашық есік күні аясында керемет дыбыстық оқшаулауы бар, қабырғаларының биіктігі 3 метрден 3,3 метрге дейін болатын, кеңейтілген терезелері, поляк өндірісінің Purmo болат панель радиаторлары бар және алдын ала әрленген 15 пәтерге тапсырыс берілді. Компания «39 клуб үйі» тұрғын үй кешеніндегі 4-5 бөлмелі пәтерге 11%-ға дейін жеңілдік беретін акцияны іске қосқанын атап өтеміз.

Үйді тапсыру 2023 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған. Қазірдің өзінде монолитті жұмыстар 90%-ға орындалды.

Егер сіздер BI Group салған үй тұрғындарының үлкен отбасына қосылғыңыз келсе, Шымкент қаласы Бәйтереков көшесі, 100/3 мекенжайында орналасқан сату бөліміне келіңіздер. Сату бөлімі жұмыс күндері сағат 9-дан 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10-нан 18.00-ге дейін күн сайын түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Толық ақпаратты ұялы телефоннан 360 нөмірі бойынша немесе компанияның https://klubniydom39.bi.group/ ресми сайтынан және @bi.group.shymkent Instagram парақшасынан алуға болады.



 

Пікір қалдырыңыз