Желкеншілер жеңіс туын желбіретіп қайтты

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында желкенді спорттан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі аяқталды. Желкенді қайықшылар арасында өткен ел біріншілігінде өңір намысын Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервін даярлайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қорғады. Олар яхталардың әртүрлі дәрежелері бойынша 6 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді. 

Жұптық сында Ростислав Дубовской мен Богдан Рожанский алтыннан алқа тақса, жекелей сында Заңғар Әбдірахман жеңіс биігінен көрінді. Ал, қыздар арасындағы жекелей сында Светлана Чурикова алтыннан алқа тақты. 
Кадеттер арасында өткен сайыста Алишер Чемохов пен Анатолий Чуриков жеңімпаз атанды. Қорытындыда Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Алматы облысының командасы шықса, қола жүлдені Қонаев қаласының желкеншілері қанжығаларына байлады. 



Пікір қалдырыңыз