Сайрам табиғи газбен 100 пайыз қамтылады

Сайрам ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазір оның үлесі 73,8 пайызға жетті. Газ тартып жатқан мекеме жұмысшыларымен кездескен аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков газдандыру ісіне қарқын қосуды тапсырып, бұл аса маңызды жобаның жүзеге асырылуын тікелей қадағалап отыратынын айтты.

Ақбай ауылындағы Жаңақұрылыс аумағындағы 150-ге жуық тұрғын үйдің басым бөлігі «көгілдір отынмен» қамтылған. Жергілікті бюджет есебінен нысан құрылысына 67721,26 мың теңге қаралып, ол игерілген. Жаңа аумақтағы көшелерге жалпы ұзындығы 4,86 шақырым газ құбыры тартылған. Нысанның құрылысы 2020 жылы басталып, былтыр қабылданған.
Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан аумағындағы 42 елді мекеннің 31-і (73,8 %) табиғи газбен қамтылған. 5 жоба бойынша 7 елді мекенді табиғи газбен қамту мақсатында өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудан 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.
Пікір қалдырыңыз