Жасөспірімдер жарады

Ташкентте ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында Азия біріншілігі аяқталды. Бұл жарысқа 22 қазақстандық қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 47 медаль жеңіп алды, оның 10-ы алтын, 23-і күміс, 14-і қола.
Осы жарыста 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы медальдық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Жеке рейтингте ұлдар бірінші орынға ие болса, қыздар сегізінші орынға тұрақтады.
Ал, 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы небәрі 11-орынды иеленді. 

Пікір қалдырыңыз