Қант экспортына тыйым салынбақ

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан қант пен шикі қантты сыртқа шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салатын бұйрық жариялады» деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 Құжаттың толық атауы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Қант пен құрақ шикі қантты сыртқа шығарудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығы. «Қазақстан Республикасының аумағынан қант пен шикі қантты алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салуды бұйырамын» деп жазылған құжат мәтінінде.
Сондай-ақ, бұл құжат аталған шешім туралы мәліметті Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлау Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті екенін айқындайды.
«Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді» деп жазылған құжатта.
Бұйрық мәтіні бүгін жарық көргенін ескерсек, 23 мамырда күшіне енеді деген сөз. Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан қант импортын 32 пайызға төмендететінін мәлім еткен еді.

Пікір қалдырыңыз