Биліктің көзі – халық

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді түсіндіру және референдумды қолдауды насихаттау мақсатында ҚР Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Келес ауданында іссапармен болды. Ол іссапар барысында «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ахмет Жұмабеков және аудандық мәслихат депутаты Нұрхан Мережеповпен бірге аудандық «Қазыналы қария — тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, қариялармен кездесті.
Кездесу барысында Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын, соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін атап өтті. Президенттің бірқатар өкілеттіктері Парламентке өтетіні айтылды. Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға ауысуға бағытталған өзгерістер елде демократиялық процестерді жетілдіріп, «Биліктің көзі – халық» деген принципті жүзеге асыруға жол ашылатыны, реформаларды заңмен бекіту үшін референдум қажет екендігіне тоқталды. Бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкілхалықтық деңгейдегі міндет екендігін жеткізді.
Пікір қалдырыңыз