«Төреліктің» тиімділігі мол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған қай Жолдауында болмасын, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығына ерекше мән береді. Цифрландыру дегеніміз бір ғана сала немесе бір бағытты дамыту емес, ол ең алдымен экономиканың, өнеркәсіп пен қоғамның дамуына түбегейлі өзгерістер әкелетін бағыт-бағдар. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар мен бөлімдерге қарасты мекемелерде ортақ мониторинг жүйесін құрудың маңызды екені айтпаса да түсінікті.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес, 2016 жылдан бастап еліміздегі барлық соттарда «Төрелік» ақпараттық жүйесі енгізілген болатын. Аталмыш ақпараттық жүйені енгізудегі негізгі мақсаттардың бірі – сот органдары мен сот отырыстарының ашықтығын қамтамасыз ету. «Төрелік» ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан бастап сот қызметкерлері жұмысының жандануына оң әсерін тигізді. Өйткені, бұл жүйе ақпараттық деректерді жедел алмасу, іс-жүргізу мерзімін бақылап, автоматты түрде есеп жүргізу, статистикалық және талдау есептерін қалыптастыру, сот ісін жүргізуді жеңілдету сынды мүмкіндіктер сыйлайды. Сонымен қатар, жүйе басқа да мемлекеттік мекемелермен оңай ақпарат алмасуға, пайдаланушылардың тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, жедел ақпарат алуға қолайлы болып отыр. Аталған ақпараттық жүйе сот қызметкерлерінің тәртібін нығайтуға және істің орындалуын созбалаңға салып жіберуге де жол бермейді.
Сот саласын дамыту, жеңілдету және қолжетімді ету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі де енгізілген. Бұл жүйе азаматтардың үйінде немесе жұмыс орнында отырып-ақ талап-арыз, өтініш немесе т.б. хаттарын ғаламтор арқылы сотқа жолдауына мүмкіндік жасайды. Әрі қарай тіркелген хаттардың деректемелері толтырылып, әрбір іс санат бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесімен автоматты түрде судьяларға беріледі. Ақпараттық жүйе арқылы істерді автоматты түрде бөлудегі мақсат – талап-арыз берген тараптың істі қарайтын судьяларды білуін қамтамасыз етіп, орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Ал, судья талап-арызды өз өндірісіне қабылдағаннан кейін электронды қолтаңбасын қойып, іс бойынша шығарған барлық сот актілерін «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізеді. Нәтижесінде сотқа жүгінген тараптар «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот актілерімен кез келген жерде жүріп таныса алады. Жалпы, заман талабына сай ақпараттық технологияларды қолдану – сот саласы қызметінің қолжетімділігін, ашықтығы мен тиімділігін арттырып жатыр деуге негіз бар.
Айжан ОРЫНБАСАР,
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы.