Тұғыры – тыныштық, тілегі – татулық

Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – егемендігі жолында талай тар жол, тайғақ кешуден өткен қазақ үшін қасиетті мейрам. Біз 30 жыл бұрын азаттық жалауын желбіретіп, береке-бірлігіміздің арқасында бүгінде мерейлі мемлекетке айналдық.
Біздің қор азаматтардың, әсіресе, тұрмысы төмен отбасылардың, жетім балалар мен мүгедектердің әл-ауқатын қамтамасыз етуге жәрдем қолын созып, гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ, мешіт, медресе құрылысына қатысып, Тәуелсіздікке азғантай болса да үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз. «Мейірімділік әлемді құтқарады» демекші, біз әрқашан мұқтаж жандарға қолдау көрсетеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін! Тәуелсіздік тұғырлы, Қазақстан ғұмырлы болсын!


Ізгі ниетпен: доктор Альван Ясер Мохамед Али,
Азия мұсылмандары комитетінің 
Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, 
Кувейттегі халықаралық ислам 
қайырымдылық ұйымының төрағасы.
Пікір қалдырыңыз