Лимон шырынының 15 пайдасы

Екі ас қасық лимон шырынында адамға қажет С дәруменінің тәуліктік мөлшері бар. Лимон – құрамындағы аскорбин қышқылының жоғары болуымен ерекшеленеді. Шамамен 100 грамм болатын лимон 34 ккал калорияға тең. Ал, оның құрамындағы ақуыз мөлшері 0,9 грамм болса, майлар – 0,1 грамм, ал, көміртек 3 грамм шамасында болады. Лимон денсаулыққа өте пайдалы жеміс болғандықтан медицина мен фармацевтикада кеңінен қолданылады. Ол иммунитетті арттырып, ағзаны вирустар мен бактериялардан тазалайды. Жалпы, мамандар лимонның 15 түрлі пайдасын айтады. Олар:
1. Құрамында кальций, магний, калий сынды элементтер көп болғандықтан, теріні ылғалдандырып, жансызданудан сақтайды;
2. Буын мен бұлшық еттегі ауырсынуды басады;
3. Зат алмасуды реттейді;
4. Ағзадан токсиндерді, өзге де қажетсіз заттарды шығаратын бауырдың жұмысын жақсартады;
5. Ангина, тыныс алу жолы инфекциясы, миндалиннің ісінуі сынды аурулардың алдын алады;
6. Ішек жолын тазартады;
7. Ағзадағы метаболизм құбылысын іске қосады;
8. Иммунитетті күшейтіп, қартаюды тежейді;
9. Құрамындағы калийдің арқасында күйзеліспен күресуге септігін тигізеді;
10. Лимон қосылған су қанды тазартады;
11. Артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Күнделікті тұтынатын болсаңыз, қысымыңыз 10%-ға дейін төмендейді;
12. Құрамында С дәрумені көп болғандықтан, теріні жасартады;
13. Аяғы ауыр әйелдерге де пайдасы мол. С дәрумені иммунитетті күшейтіп, дүниеге келетін сәбидің сүйегін қатырады. Мұнымен қатар, ми жасушаларының түзілуін тездетеді;
14. Шәй қасық лимон шырынын бір стақан суға араластырып ішсеңіз, асқазан қыжылынан арыласыз;
15. Бүйректегі тасты ыдыратады.
        
Интернет материалдары бойынша дайындаған
 С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

1 пікір

  • Абатов Мұхтар
    Абатов Мұхтар

    Алі қолданып кормедім, енді қолданамын, операциядан кейін құлақ шыңылдайды қатты бас ауырады соған ішсем деп едім

Пікір қалдырыңыз