Үздік спортшыларға құрмет көрсетілді

Сарыағаштық спортшылардың облыс қана емес, республикада да абырой-беделдері жоғары. Мұнда ел намысын әлемдік додаларда абыроймен қорғап жүрген сайыпқырандар жетерлік. Олардың қатарында бокстан Дубай қаласында 2003–2004 жылы туған жастар арасында өткен Азия біріншілігінің жеңімпаздары Әбдікәрім Әбдіғалым, Аида Сарибарова және Аружан Жаңабаева бар. Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев байрақты бәсекеден жүлдемен оралған спортшылармен жүздесіп, оларға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар, каратэден Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асәділов қола жүлдеге ие болды. Бұл еліміздің каратэден алған алғашқы жүлдесі. Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен сарыағаштық Игорь Лигайдың әлемнің үздік 50 төрешісінің қатарында болуы да үлкен мәртебе. 

Қырғызстан Республикасында өткен Азия чемпионатында жекпе-жек спортынан Меруерт Нұрмаханова 72 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер, Өзбекстан Республикасында волейболдан өткен жарыста Мумина Дәулетбаева Азия чемпионы атанды. Ал, елімізде өткен жағажай волейболы чемпионатының III турында «Түркістан» командасының құрамасында өнер көрсеткен жас спортшы Ахмет Мейрамбек I орынды иеленді.

Пікір қалдырыңыз