Бақыттың кілті – еңбекте

Еңбек – адам мен қоғамның өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керек және материалдық, рухани, өзге де құндылықтарды жасауға бағытталады. Жалқаулық, масылдық, нәпсіқұмарлық, ысырапшылдық кісінің жолын байлайтын, бақытсыздыққа, кедейшілікке душар ететін ең жаман қасиет екені айтпаса да түсінікті.
Еңбегі зая, бейнеті сор болып, кең маңдайына тар дүние, мол талабына аз сыбаға бұйырса, кісі оған өзгені емес, тек өзін ғана кінәлағаны жөн. Енжар, жүрдім-бардым, немкетті, немқұрайлы, салғырт, шабан, шала, жоспарсыз әрі мақсатсыз істелген ұсақ-түйек іс, үстірт атқарылған кез келген жұмыс та ойдағыдай нәтиже бермейді. Жастардың болашақ мамандығын таңдағанда оған жеңіл-желпі қызығып қана қоймай, ынты-шынтысымен шын сүйе білуі, одан азап емес, тек ләззат алуға ұмтылғаны жөн.
Мүмкінсізді мүмкін ету ерен еңбекті қажет етеді. Істің орайын, ретін, сәтін тапсаң, мол олжаға кенелесің. Ар-намыс салып, тер төккен еңбегің қаншалықты табанды болса, жемісі де соншалықты баянды. Еңбегің еш, тұзың сор болмас үшін бастаған ісіңді аяқсыз қалдырмауға, сапалы етіп орындауға жастай дағдыланған жөн.
Ақынның аузынан шыққан «Жаңбыр тамшылары жер ширатады, Тағдыр қамшылары ер ширатады. Жер емес тамшыдан соң жатса езіліп, Ер емес қамшыдан соң кетсе үзіліп» деген сөзде үлкен мағына бар. Бай-бақуатты болу үшін ауыр еңбектен қорықпай, елге шабытыңмен, Отанға жаныңмен адал қызмет ету керек. Ал, өмір жолында тосыннан тап болған азды-көпті қиыншылықтарды, кедергілерді қайсар рухты, іскерлік қабілеті зор жастардың ешкімге салмақ салмай, өз қайрат-жігерлерімен еңсере білгендері жөн.
Сонымен жастар алға қойған мақсаттарына тек биязы мінез-құлқы, айрықша еңбекқорлығы, ерекше табандылығы арқылы ғана жете алатындарын жадыларынан шығармағандары игі.
О.ШЫНАЛИЕВ, зейнеткер.
Каракат
Бакыт кылты енбекте Расында бакыт кылты енбекте деген пыкырмен келысемын.Енбек етып адал ас тауып,жетыстыкке жетсен ол улкен натиже.Енбек адамды озын озы камтамасыз етып,адал ас табуга ,енбеккор болуга уйретеды.Енбектенген адамнын жетыстыктеры коп болады.Енбек етпей елге окпелеме,егын екпей жерге окпелеме деп бекер айтпаган.Енбектенбей ешнарсенын натижесын ,жетыстыгын коре алмайсын.