Өңір тынысы

• Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 110 210 гектар аумаққа 170 млн. ағаш көшеті отырғызылады. Қазірдің өзінде «Жасыл белдеудің» аумағы 13 мың гектардан асты. Жыл соңына дейін оның көлемін 20 мың гектарға жеткізу жоспарланған.

• Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Облыста 234 мыңнан астам адам екпе қабылдауға ниет білдірген. Екінші компонентпен 83 мыңға жуық адам салдырған. Бүгінде өңірде 128 екпе салдыру пункті жұмыс істейді. Сондай-ақ, көшпелі егу бригадаларының саны 80-ге жетті.

• Шардара ауданында өткен жылы 10 338 гектар жерге бақша өнімдері егіліп, 262 895 тонна өнім алынған. Биыл 11 578 гектар аумаққа бақша дақылдары егіліп, одан 300 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданға егістікке арналған 1 926 тонна тыңайтқыш бөлінген.

• Түркістан облысы, Жетісай қаласында үй кезегінде тұрған 88 мұқтаж отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Пәтер кілттері табысталған көп қабатты үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек көп балалы аналарға салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады.

 

 

Пікір қалдырыңыз