«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен облыстағы Ассамблея мүшелері онлайн форматта қатысты. Бүгінгі таңда қоғамда Ассамблеяның атқарар рөлінің маңыздылығын айтқан облыс басшысы өңірдегі ұлтаралық ахуалдың тұрақты болуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

«Ассамблея еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастыру қажет. Аталған міндеттерді орындау жолында ел бірлігін сақтай отырып, рухани жаңғырған бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға үлес қосу – бәріміздің қастерлі парызымыз. Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер» деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Түркістан облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурсбек Капар-Пур, Түркістан облыстық «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров және Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султанов марапатталды.

 

 

Пікір қалдырыңыз