Емделушілер де сайлауға қатысты

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында сақтық шараларын қатаң түрде сақтап, дауыс берді.

Сарыағаш орталық ауруханасындағы отыз науқас та сайлауға қатысқан. Оның ішінде жиырма сегізі пневмониямен тіркелген болса, екеуі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар. Сондай-ақ, Леңгір қалалық ауруханасында пневмониямен жатқан он үш науқас дауыс берді. Жетісай аудандық орталық ауруханасындағы жиырма науқас сайлауға қатысуға ниет білдірген.

Айта кетейік, мұндай дауыс беруді байланыссыз тәсілмен, мысалы, саты алаңында (үй маңындағы аумақта) қатысушы дауыс беруге арналған бюллетеньді және үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтінішті тасымалданатын жәшікке салу арқылы өткізді.

 

 

Пікір қалдырыңыз